astana-view

«Атамекен» ҰКП: денсаулық саласында жаңа IT-өнімдер үшін алаң құрылады

2020 жылғы 14 Тамыз
3443 просмотров

Электронды денсаулық сақтау жол картасының іс-шараларын іске асыру мәселелері «Атамекен» ҰКП алаңында талқыланды

 «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жиынды ашып, Жол картасы электронды денсаулық сақтауды дамыту бойынша жұмысты жүйелі бола түсуіне ықпал еткенін атап өтті.

 «2017 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП медицина саласында цифровизация процестерін көтеріп келеді. Денсаулықтың электронды паспортын енгізу науқастың барлық жазбаларын – дәрігерге баруын, анализдерін, снимоктарын бақылауға мүмкіндік береді. Медициналық ұйымдардың деректер базасын интеграциялау денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың барлық жүйесін ашық етуі керек еді. Цифрландырудың нәтижелерін көріп жатырмыз – электронды кезектілік енгізілді, медициналық ұйымдар негізінен науқастардың карталарын электронды түрде жүргізіп жатыр, медициналық жүйелердің жеткілікті кең функционалдығы бар. Пациенттер өз жазбаларына қолжетімділікті алды, барлық нұсқамаларды көріп отыр – бұл да цифрландырудың жемісі. Біз үнемі айтып жүрген қос бақылау осы. Бірақ бұл жетістіктер аздық етеді. Негізгі проблема – ақпараттық жүйелерді интеграциялау жүзеге аспады, бұл мәселе медицина қызметкерлері үшін де, пациенттер үшін де қолайсыздықтар туғызуда», – деді  Юлия Якупбаева

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҰКП маусым айында қол қойған жол картасы медициналық және ІТ-қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта әзірленді. Карта 5 бөлімнен тұрады:

 -платформа архитектурасы;

-дербес деректермен алмасу және қорғау;

-бизнес-процестерді жақсарту және НҚА-ға өзгерістер енгізу;

-Міндетті медициналық сақтандыру қорымен өзара әрекеттестік;

-дәріханалық желілер мен басқа да ұйымдармен өзара әрекеттестік.  

Карта 44 іс-шараны қамтиды.  

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры  Бейбіт Есенбаев электронды денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін шешу бойынша Жол картасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі атқарып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Біз әр тармақ бойынша материалдар пакетін қалыптастырдық. Архитектура жобасын әзірлеу аяқталып, цифрландыру жөніндегі комиссияға жіберілді. Медициналық қызметтердің бірыңғай жіктеуіші әзірлену үстінде, және біз бизнесті оның дамуына көмектесуін сұраймыз. Дәрі-дәрмектің бірыңғай жіктеуішін әзірлеу және бекіту бұйрық жобасы түрінде іске асты. Алайда Медициналық құралдар жіктеуішін әзірлеу қиынға соғуда, сондықтан сарапшылардан көмектесуді сұраймыз. Құжаттар пакеті өте үлкен, осы құжаттармен бизнес танысып, бізге кері байланыс беруі маңызды», - деп атап өтті Бейбіт Есенбаев.

«Даму» АТО» ЖШС бақылау кеңесінің төрайымы Наталья Киль нормативтік базаның жетілмеуіне назар аударды. Спикердік айтуынша, әзірге бизнес-процестердің нақты сипаты жоқ, оның салдарынан НҚА-да, практикалық іске асыру да ақсап тұр.

 «Әзірлеушілер медицина қызметкерлері енгізуі керек деректерді толтыруды міндеттеп отыр. Бұл біздің кінә емес, бұйрықтың нормасы. Нәтижесінде дәрігерге пациентпен жұмыс істеуге уақыт қалмайды. Біз деректерді енгізудің қай әдісін ұсынбасақ та, бірінші істейтін нәрсе – медициналық ұйымдар үшін стандартты бизнес-процестерді сипаттау. Денсаулық сақтау министрлігіне қажетті деректердің минималды номенклатурасы сызылуы керек те, артығын алып тастау керек», – деді Наталья Киль.

Спикердің айтуынша, мәселен ПТР-тестіге науқасты жіберген кезде дәрігерлер 30 жолақтан тұратын форманы толтырған.

 Талқылау барысында қатысушылар мәселелерді талқылауға бөлек топтар қажет деген ойға келді:

 -ақпараттық жүйелерді біріктіру;

-ақпараттық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;

 -бизнес-процестерді сипаттауды дайындау;

-ауыр файлдарды сақтау;

- телемедицина;

-есеп формаларын оңтайландыру;

 -көрсетілген қызметтерді бағалау;

 -санитарлық паспорт және эпидқадағалау бойынша;

-  МӘМС қоры мәселелері бойынша және т.б.

 Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында ІТ-өнімдерді дамытудың ауқымды легін ескере отырып, Atameken, Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сарапшыларының кең қатысуымен жеке алаң құру туралы ұсыныс қолдау тапты.

 «Электронды рецепт» сервисін құру бойынша шешім ұсынған «Есеп және басқару» ЖШС жетекшісі Виталия Ермоленко:

 «МедЭлемент» алаңындағы жұмыс аяқталып қалды. Оған кеткен шығын 0 теңгені құрайды. Бұдан бөлек, біз дәрі-дәрмектерді цифрландырудан басқа нұсқаулықтарды цифрландыруға және медициналық ұйымдарға да, дәріханаларға да, азаматтарға да ақысыз қол жетімділікті ұсынамыз. Нұсқаларды қарауға дайынбыз», – деді спикер.

 PACS ақпараттық жүйесін (ауыр файлдарды сақтау) енгізуге қатысты пікірін «ЛАБМЕДСЕРВИС» ЖШС директоры Рустам Еникеев айтты.

 Жиныды қорытындылай келе «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева:

 «Жол картаның ең кемі 60%-ын іске асыра алсақ, онда медицина саласын цифрландыру мәселесінде нақты ілгерілеуге қол жеткіземіз. Негізгі міндеттерді орындау үшін Жобалық кеңсе құру қажет. Осы бағытта қосалқы топтарды нарықтағы тәжірибеде жүрген мамандар басқару керек. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы нақты IT өнімдерді талқылауға арналған алаң құру маңызды. Қатысушылар мен ұсыныстар көп, егер Денсаулық сақтау минитсрлігі API ашса, онда нарық қарқынды дами түседі», – деп атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер