astana-view

Кәсіпкерлерге арналған www.InfoKazakhstan.kz порталының қызметі артты: сайт екі тілде жұмыс істеуде

2020 жылғы 17 Тамыз
4519 просмотров

17 тамыздан бастап кәсіпкерлер – www.InfoKazakhstan.kz сайтын қолданушылардың ыңғайына қарай порталға жаңа опциялар қосылды. Жаңашылдықтар арасында: мемлекеттік тілдегі толық нұсқаны іске қосу, санитарлық нормаларға сәйкестік актісін қазақ тілі және орыс тілінде беру. Бұдан бөлек, сайт қолданушыларында рұқсат алуға өтінім дұрыс толтырылмаған болса, оны кері қайтарып алу мүмкіндігі пайа болды

 «www.InfoKazakhstan.kz сайтының интерфейсі қарапайым болғанына қарамастан тұтынушыларға дағдылануға уақыт қажет болды. Алғашқы күні кәсіпкерлер толтырып, бірақ өтінімдерді жібермеген жағдайлар орын алған. Егер тұтынушы өтінім беруді ұмытса, онда жүйе: «Өтінім жіберілмеді, өтінеміз оны ЭЦҚ арқылы растаңыз» деп жауап береді», – деді әзірлеуші-компанияның өкілі, жоба жетекшісі Вячеслав Попов.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің өтініштеріне сәйкес сайт тізіміне жаңа қызмет түрлері енді: сауда және ойын-сауық орталығының жалға алушысы, сауда базарының жалға алушысы, бизнес-орталықты жалға алушы, АӨК субъектісі және т.б. Бизнес өкілдерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, айдар бөлімшелерінің жекелеген түрлері өзгерді. Деректер базасының интеграциясы жақсарды және мемлекеттік органдармен байланыс арналары кеңейтілді (Мемлекеттік кірістер комитеті, Статистика комитеті)

 Еске салсақ, бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  www.InfoKazakhstan.kz сайтын қолдану маңыздылығын атап өтті.

 «Айта кетейін, www.infokazakhstan.kz алаңында тіркеуден өтпей кәсіпкерлік қызметті жаңарту заңнаманы бұзумен тең. Кәсіпкерлерді аталған порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ресурс қосымша құжаттарды толтырмай, 10 минут ішінде өтінімді жіберуге мүмкіндік береді. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау арқылы бәріміз бірге індеттің төмендеу трендін сақтай аламыз», – деді Алексей Цой.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер