astana-view

Алматыда білім беру кластерлерінің базасында тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізілетін болды

2014 жылғы 17 Сәуір
7482 просмотров

Алматы қ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ашып жатқан салалық кластерлер базасында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері ғана емес, түрлі сала қызметкерлері мен қысқа мерзімдік курстар тыңдаушылары да өз біліктілігін растап, иелене алады. Алматыдағы алғашқы білім беру кластерініңашылуында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев осындай мәлімдеме жасады.   

ТжКББ проблемаларының бірі мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растаудың дамымаған жүйесі болып табылады. Қазақстанда қазіргі уақытта біліктілікті растауға құқылы бір ғана сертификаттау орталығы бар, ол – Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы. Яғни бизнес мамандарды даярлауға да, олардың даярлығын бағалауға да тартылмаған.

«Кластерді құрумен олардың базасында біліктілікті тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізілетін болады, бұл бизнесті кадрларды даярлау мәселелерінен алшақтату туралы мемлекеттік органдардың көптеген жазғыруларын жоюдағы проблемалардың бірін шешеді, кадрлардың даярлық сапасын бизнес өкілдері мен жұмыс берушілер бағалайтын болады»,- деп атап кетті Нұржан Әлтаев.

Сонымен бірге ол Палатаның өз алдына шамшыл міндет қойғанын атап кетті, яғни – облыстың ірі жүйе құрушы кәсіпорындарымен және бейіндік қауымдастықтармен бірлесіп біліктілікті көтеру және кадрларды қайта даярлау бойынша оқу орталықтарын ашу. ҰКП елдің әрбір облысында кем дегенде екі оқу орталығын құруды жоспарлайды. Оның үстіне, жер қойнауын пайдалану саласында қауымдастықтар жанынан біліктілікті көтеру және оқытуда жәрдемдесу бойынша Қор құрылатын болады. Алайда, Нұржан Әлтаев ескерткендей, бұл үшін барлық мүдделі және бей-жай қалмайтын жауапты органдар мен құрылымдарды шоғырландыру керек.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүгін ашылған ҚР-дағы алғашқы оқу-әдістемелік кластер полиграфия және баспа өнеркәсібі үшін мамандар даярлайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер