astana-view

Кәсіпкерлерден жиі қойылатын сұрақтар – infokazakhstan.kz жұмысы – байланыс орталығының деректері

2020 жылғы 18 Тамыз
5485 просмотров

Бизнес-қоғамдастықтың  84 мыңнан астам өкілі жұмысты қайта бастау үшін infokazakhstan.kz порталына өтінім берді.

Алматы қаласы (12 785 өтінім), Павлодар облысы (8949 өтінім) және Қостанай облысының (8287 өтінім) кәсіпкерлері белсенді.

«Бизнестің белсенділігін байқап отырмыз, әсіресе Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары және Алматы қаласының субъектілері белсенді. Алғашқы күні 6 мың өтінім берілген болса, қазіргі кезде күнделікті 30 мыңға тең өсім байқалып отыр. Бұл серіпн InfoKazakhstan сайтының тиімді жұмыс істеуін білдіреді, өйткені өтінімді тіркеу мен жіберуге небәрі 5-10 минут жұмсалады», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтар: егер компания карантин кезінде жұмыс істеп келсе, оған рұқсат алу қажет пе; дайындық актісін алуға сауда орталығын жалға алушылар немесе  жалға берушілер бере ме, кім жұмысты тексерумен, кім хабарландыру тәртібінде қайта бастайды.

Сұрақтарға жауаптар atameken.kz сайтында және t.me/infokazakhstan телеграм-каналында бар. Бұдан бөлек, 1432  бірыңғай байланыс орталығының кеңесшілері кәсіпкерлердің қоңырауларына тәулік бойы жауап беруде. 

www.infokazakhstan.kz  порталының жұмыс істеуінен бастап 4 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Қоңыраулардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан бизнесмендері– 1207 жүгінуші (30,45%) және Алматы кәсіпкерлері – 986 жүгінуші (24,87%) тарапынан болған.

Хабарласқандарды өтінім беру форматы, infokazakhstan.kz порталын қолдануда көмек мәселелері толғандырады, сондай-ақ кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әрекетіне шағым түсіруде.

«Әлеуметтік желілерде оң әрі теріс пікірлерді көріп отырмыз. Қосымшаны техникалық тұрғыда толыққанды енгіздік: техникалық қолдау қызметі функционалды үнемі жетілдіру үстінде. Егер портал қажеттілігі туралы айтатын болсақ, бұл онлайн-шешім, ал бизнес қызметін жаңарту мәселелері қызу талқыланған болатын. Шілде айында бақылаушы органдар жұмысты бастауға бизнестің шектелген тізіміне ғана  рұқсат беру туралы  ұсыныс болғанын ұмытпаған жөн. Бизнес санитарлық қауіпсіздікті сақтауға дайындығын негізге ала отырып, InfoKazakhstan порталы арқылы рұқсат беру бойынша ымыраға келдік», – деді спикер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер