astana-view

«Ақ жол» партиясының мәлімдемесіне қатысты пікір

2020 жылғы 19 Тамыз
3575 просмотров

Пікір «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиевтың фейсбук парақшасында жарияланды

 Алғашқы карантиннен шығу тәжірибесі адамдар сауда және ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары мен басқа да бизнес нысандарына қауіпсіздік шараларын сақтамай, жаппай бара бастағанын көрсетті.

Бұдан бөлек бизнес субъектілердің барлығы бірдей санитарлық нормаларды ұстана бермейтіні байқалды.

 Аталған жағдайды ескере отырып, бизнестің кең ауқымы (3 мыңнан астам), қауымдастықтар және мемлекеттік органдармен бірлесіп, бірнеше апта бойы бизнестің жұмысын қайта бастау жөніндегі алгоритмдерді әзірлеу жөнінде талқылаулар сериясын өткіздік. Бұл жұмысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қатысты.

 Атқарылған жұмыс арқылы біз мемлекеттік органдарына кәсіпкерлердің кең ауқымына жұмыс істеуге рұқсат беру қажеттілігін сендіре алдық. Кинотеатрлар, бассейндер, караоке сынды бизнес түрлеріне тыйым сақталды. 17 тамыздан бастап шамамен 562 мың бизнес субъектісі іске қосылады.

 Алайда бизнестің жаппай жұмыс бастауында негізгі фактор адамдардың, біздің жағдайда – тұтынушының өмірі мен денсаулығы болуы керек!

 Бизнес (562  мың субъект) бірінші кезекте осы алгоритмдер – санитарлық нормалармен танысып, екіншіден – оларды қатаң ұстануына қалай қол жеткізуге болады?

 Кәсіпкер өз қызмет түрін (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша) бастамас бұрын іске қосу алгоритмдерімен танысып, оларды қатаң сақтау бойынша өзіне міндет алғанын ЭЦҚ арқылы растауы үшін InfoKazakhstan платформасын іске қосу туралы шешім қабылданды.

 Нәтижесінде кәсіпкер сайттағы жеке кабинетіне немесе электронды поштаға Санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алады!

Сайтта тіркелу және өтінімді жіберуге небәрі 5 минут уақыт кетеді. Жеке кабинетте санитарлық нормаларға қатысты (санитарлық дәрігерлердің хронология бойынша қаулылары, жаднамалар және т.б.) барлық құжаттарды көруге болады, яғни құжаттарды іздеуге (150-бетке жуық құжаттар) немесе кабинеттерді аралап, анықтамаларды жинауға қажеттілік болмайды.

 Тұтынушы үшін санитарлық талаптарға сәйкестік актісінің болуы қандай да бір бизнес нысанына баруда сенімділік, мотивация болады деп санаймын.

 Оның үстіне кәсіпкерлерге қойылған осындай алгоритмдер мен тұтынушылар алдындағы міндеттемелері нарыққа қатысушылардың барлығын тәртіпке үйретеді. Өйткені бизнес субъектілері, әсіресе сауда орталықтары, базарлар – адамдардың көп шоғырланатын орындары.

 Порталда тіркелу туралы талап ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында айтылған. Осы талапты орындамау үшін санитарлық қызмет сәйкес ұйғарым шығарады, ал оны жұмысты бастауда орындамау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 462-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкерішлік салынады.  

 Демек, кез келген кәсіпкерде тіркелуге қажетті уақыт бар, егер кәсіпкер порталда тіркелмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес жоғары айыппұлдармен жауапкершілікке тартылмайды.

 Санитарлық дәрігерлер  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығына қатысты заңнамадағы бұзышылықтар үшін әкімшілік істерді осы бап бойынша қарастыруға құқылы.

 Сәйкес санитарлық талаптар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығында белгіленген.

 Мониторингтік топтардың тексеруі туралы. Олардың құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары, полиция, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері кірді. ҚР Кәсіпкерлік кодексі 144-бабының 6-тармағы оларға эпидемия таралуына қатер болса хабарландырусыз нысанға тексерумен келуге мүмкіндік береді.

 Бұл шара шағын кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораториймен келісілген (халықтың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретін бұзушылықтардың алдын алуға немесе жоюға бағытталған тексерулерге рұқсат етіледі).

 Егер нысанда жұмыс істеп жатқан қызметкер немесе тұтынушы тарапынан бұзушылық орын алса кәсіпкерге жауапкершілік салынбайтыын атап өтпекпін. Біз жауапкершілікті дұрыс бөлуге қол жеткіздік. Мысалға қызметкер немесе сатып алушылар маска режиімн бұзатын болса, кәсіпкердің өзіне жауапкершілік салынбайды.

 «Атамекен» ҰКП бизнестің құқығы мен мүддесін қашанда қорғайтын болады. Дегенмен бізге, бүкіл қоғамға бизнестің ашық, ешкімге қауіп төндірмей жұмыс істеуі, әлеуметтік жауапты болуы маңызды.  

 Сондықтан www.infokazakhstan.kz порталын өзін-өзі реттеудегі маңызды қадам ретінде бағалаймыз. Өзін-өзі реттеуді дамыту мемлекеттің қатысуын барынша азайтып, мемлекет тарапынан болатын санкциялық шаралардан кетуге мүмкіндік береді.

 Жоғарыда аталған мониторингтік топтар жұмысына өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысады.

 Аталған топтардағы мүшелердің тарапынан орын алған барлық ЗАҢСЫЗ әрекеттер бойынша, құрметті кәсіпкерлер, сіздер Өңірлік кәсіпкерлер палаталары директорларының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарларына және «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына хабарлай аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер