astana-view

Маңғыстаулық 1500-ден астам кәсіпкер infokazakztan.kz сайтына өтініш берді

2020 жылғы 20 Тамыз
- Маңғыстау облысы
2161 просмотров

Бүгінгі күнге облыс бойынша жұмысын бастауға рұқсат алуға 1560-тан астам өтініш келіп түсті.  Екі күннің ішінде олардың 230-не рұқсат берілді, ал қалған кәсіпкерлердің өтінімі қаралуда. Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Әлия Акинова МО орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді

 Бизнестің жұмысы, оның эпидемиологиялық ахуалға әсер етуі әр апта сайын бағаланатын болады. «Атамекен» ҰКП өз тарапынан Үкімет және жергілікті атқарушы органдармен барлық деңгейде күнделікті келіссөздер жүргізіп жатыр. Барлығымызға індеттің өршуін болдырмау аса маңызды. Сондай-ақ, нысанға келушілердің де жауапкершілігі аса маңызды. Бизнестің жауапкершілігі одан да зор. 

 

Бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданып, оған сәйкес бизнестің жұмыс бастау тәртібі белгіленді. Жоғары эпидемиологиялық қатерлерге байланысты кәсіпкерлік қызметке жұмыс істеуді электронды шешімдер жүйесі арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылданды. 

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер жұмысын бастауға рұқсат алу үшін өтініш бере алады.  Бұл платформа, кәсіпкерлерге кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады. 

Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар. 

«Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылатыны маңызды. Демек, мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметті бастауға болады. Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар және т.б.» дейді Ә. Акинова.

 Егер бизнес түрі көпшілік жиналатын нысандар түріне жатса, онда  жұмысты бастауға рұқсатты алу үшін санитарлық талаптарға сай келу бойынша тексеруден өту қажет, яғни рұқсат беру тәртібі қолданылады. Бұл қажетті процедура.

Порталда толтыру процедурасы да қиын емес. Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ жасалса болды: 

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

 2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба  арқылы растау. 

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау. 

 «Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін іліп қою қажет.  Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруден екінші рет өтуге болады! Айта кетсек, Өңірімізде қолдау қызметі іске қосылған. Ол үшін  1432 – бірыңғай байланыс орталыққа байланысуға немесе 303742 колл-орталықа хабарласуға болады. Кеңесшілер кәсіпкерлердің туындаған барлық сұрақтарына жауап береді, соның ішінде қалай рұқсат алуға болатыны жайында,  электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмек көрсетеді»,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Әлия Акинова.

   Осы маңызды мәселеде тиімді ынтымақтастыққа сенім артамыз. Санитарлық нормаларды сақтау – тексеруден өту, қоғамдық мониторинг жағдайында ғана емес, бірінші кезекте жеке қауіпсіздікті, қызметкерлердің қауіпсіздігі, ұйымдардың беделі үшін қажет екенін атап өту қажет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер