astana-view

Бизнес өкілдері WorldSkills қозғалысына сенеді 

2020 жылғы 20 Тамыз
1733 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кадрларды дұрыс дайындауға мүдделі.

Ал әрбір жастың кәсіби маман болуға деген ұмтылысы әр кәсіпорынның, бүкіл елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ал осындай үдеден шығуға WorldSKills қозғалысы септігін тигізбек.

Бұл жөнінде кеше «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты жөніндегі комитеттің корпоративті және өнеркәсіптік сектордағы WorldSKills қозғалысын дамыту жөніндегі кіші комитеттің 1 отырысында айтылды. 

Жиынға Палатаның, министрліктің өкілдері, ақпарат министрліктерінің өкілдері, ERG ірі тау-кен компанияларының өкілдері, Қазақмыс, WorldSkills қозғалысының бас демеушілері мен серіктестері қатысты.
«Қазақстандағы WorldSkills қозғалысына ерекше мәртебе беріліп келеді.

Бұл жастардың кәсіби шеберліктерін арттыруға серпін береді. Негізі, бұл жоба жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс. Мен осы жобаның байыпты боларына сенемін», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы, Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты Комитетінің төрағасы Талғат Доскенов. 

Жиында құрылған кіші комитеттің рөлі WorldSkills қозғалысының дамуына мүдделі үш тарапты анықтап, оның бағытын белгілеуге мүмкіндік берді. Айталық, білім беру, бизнес және қозғалыстың демеушілерін біріктіру басты орында болмақ.

Сондай-ақ, жоғары технологиялық өндірістер үшін кадрларды даярлауға деген сұранысты қанағаттандыру үшін WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес оқыту маңызыды екені айтылды. 
«WorldSkills құралдарын пайдалана отырып жас мамандарды даярлау мәселесін қолға алу маңызды. Сондықтан бағдарламаның кәсіби шеберлікті дамыту бағытындағы платформаға айналуы тиіс.

Бұл Қазақстанның осы халықаралық қозғалысқа қатысуы техникалық кадрларды даярлауға үлкен мән берілетінін көрсетеді», - деді WorldSkills департаменті директоры Санжар Татибаев. 
Басқосу барысында дарынды жастарды қолдау, оларға бағыт көрсетуде WorldSkills жобасының тиімді екені бірауыздан мақұлданды.

Тіпті, бос орындар жәрмеңкесіне қарағанда аталған қозғалысқа бизнес өкілдері ерекше қызығушылық тудырады, өйткені бұл жерде қатысушылардың қабілеттерін толық байқауға мүмкіндік бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер