astana-view

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесіне кандидаттар үшін 10 мың бизнес субъектісі дауыс берді

2020 жылғы 21 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
4993 просмотров

20 тамыз, сағат 22:00-де ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне кандидаттарға дауыс беру аяқталды. Бизнестің 10 357 субъектісі Шығыста алдағы төрт жылда кәсіпкерліктің даму мәселелерін ілгерілетушілерге өз дауыстарын берді

vote.atameken.kz сайтында дауыс беру ЭЦҚ арқылы іске асырылды. Жалпы алғанда 5 тамыздан бастап, өңірлік кеңестерге кандидаттарға ел ауқымында 130 393 бизнес өкілі дауыс берді.  

 Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП Орталық аппаратында дауыс беру санын есептеу жүргізілуде. Сайлау нәтижесі бойынша өңірлік кеңестерге 456 адам өтеді. Шығыс Қазақстан облысы өңірлік кеңеске мүше санына квота салалар бойынша бөлу әрі өңір ерекшелігін ескере отырып 35 адамды құрайды. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысынан 102 үміткер ШҚО Өңірлік кеңесіне үміткер болды, осылайша бір орынға байқау 3 адамды құраған. Осы ретте алдыңғы кеңес құрамынан 21 кандидатура дауыс беруге ұсынылған.

 Болжам бойынша сайлау қорытындысы 3 қыркүйекте белгілі болады. Сол күні ШҚО ӨКП өңір бизнес қоғамдастығын Өңірлік кеңестің жаңа құрамымен таныстырады.

 Палата басшылығы үшінші құрамдағы Өңірлік кеңестің мүшелеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіреді:

 «Баршаңызға атқарылған жұмыс пен қолжеткізілген нәтиже, белсенділік пен бизнес мәселелеріне жанашырлық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы алдынғы құрамның жұмысын жалғастырып, сіздер белгіленген межеден түспей, одан да жоғары көрсеткіштерге жетеді деген үміттемін», – деді ШҚО ӨКП директоры Мәріпбек Шәкербек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер