astana-view

Демалыс күндері шектеу шаралары қолданылады

2020 жылғы 21 Тамыз
4171 просмотров

Карантиндік шараларды кезең-кезеңмен алып тастау жоспарына сәйкес эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, демалыс күндері шектеу шаралары қолданылады, яғни 17 тамыздан бастап жұмысын жаңартқан нысандар (сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, базарлар, сұлулық салондары, фитнес-орталықтары, ашық алаңдағы аттракциондар) 22-23 тамызда жұмысын тоқтатады.

ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 15 тамыздағы «Карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту туралы» №48 бұйрығында демалыс күндері шектеу шаралары күшіне енетіні жазылған:

-қоғамдық көлік қозғалысын шектеу;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

- сауда үйлері, сауда желілері, сауда және ойын-сауық орталықтары (ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда) жұмысын тоқтату;

-азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар жұмысын тоқтату;

-сұлулық салондары, шаштараз, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар жұмысын тоқтату;

-фитнес-орталықтар және спорт-сауықтыру орталықтары жұмысын тоқтату;

-қоғамдық моншалар, сауналар қызметін тоқтату;

-балалар және ересектерді сауықтыру орталықтары, коррекциялық кабинеттер жұмысын тоқтату;

-ашық алаңдағы аттракциондар жұмысын тоқтату.

Келесі нысандар мен іс-шараларға тыйым сақталады:

  1. қалааралық автобустар, микроавтобустар тасымалын тоқтату;
  2. ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық, соның ішінде үй жағдайындағы  іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  3. барлар, түнгі және ойын клубтары, караоке, фудкорттар, кинотеатрлар және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық  нысандары жұмысына тыйым салу;
  4. ойын-сауық мекемелер (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары және жабық орынжайлардағы аттракциондар, батуттар және т.б.), кинотеатрлар, букмекерлік конторалар жұмысына тыйым салу;
  5. мәдиниет нысандары (театрлар, концерт залдары, музейлер, көрмелер және т.б.) жұмысына тыйым салу;
  6. діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) жұмысын тоқтату;
  7. балалар сауықтыру лагерлері қызметін тоқтату;
  8. кезекші топтардан басқа мектепке дейінгі білім беру мекемелер қызметіне тыйым салу. Мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары жұмысына 15 адамнан артық емес көлемде БМСД №43 қаулысы талаптарын ұстанумен рұқсат етіледі;
  9. фудкорттар, банкет залдары жұмысына тыйым салу;
  10. бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер қызметіне тыйым салу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер