astana-view

Өңірлік кеңестерге кандидаттар: өткен сайлау қорытындысына шолу

2020 жылғы 24 Тамыз
5067 просмотров

Кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге мүшелікке 1141 адам кандидат болды, соның ішінде облыстық деңгейде 748 және аудандық деңгейде 393 адам.

1141 кандидат ішінен 238 адам (21%) жұмыс істеп жатқан өңірлік кеңестерге мүшелерінен тіркелген.

Өтінімдердің басым бөлігі Батыс Қазақстан облысы (139 немесе 11,9%), Қарағанды облысы (113 немесе 9,7%), Шығыс Қазақстан облысы (105 немесе 9,2%), Ақтөбе облысынан (104 немесе  8,9%)  және Нұр-Сұлтан қаласынан (108 немесе 9,2%) келіп түскен.

Өңірлік кеңестерге тіркелген кандидаттар арасында – 815 ер адам (жалпы тіркелгендер санынан 72%) және 326 әйел (28%).

Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің 1028 өтінімі мақұлданды. Өңірлік кеңестерге кандидаттарға дауыс беру 5 тамызда басталды. Осы уақыт ішінде 130 мың кәсіпкер дауыс берді. vote.atameken.kz сайтында дауыс беру Шымкент қаласы (17,6 мың), Нұр-Сұлтан қаласы (16,1 мың), Ақтөбе облысы (11,6 мың), Қарағанды облысында (11,2 мың) белсенді болды.

22-26 тамыз аралығында Маңғыстау облысында онлайн-дауыс беру өтеді.

Ел ауқымында өңірлік кеңестерге 456 адам өтеді.

Өңірлік кеңестердің жаңа құрамы 3 қыркүйекте, Маңғыстау облысы бойынша 11 қыркүйекте жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер