astana-view

Іnfokazakhstan.kz порталына қатысты кәсіпкерлер жиі қоятын ТОП-3 сұрақ

2020 жылғы 26 Тамыз
5510 просмотров

Сұрақтар мен жауаптарды өзінің фейсбук-парақшасында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір жариялады

Бизнестен келіп түсетін сұрақтардың негізгі блогі мониторингтік топ тарапынан жүргізілетін тексеруге қатысты. Ұлттық палата бұл сұрақтарға қатысты егжей-тегжейлі жауап берді.

1. Мониторингтік топтар және мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске  тексеру жүргізу қаншалықты заңды? Тексеру жүргізуге кім құқылы? Тексерудің заңдылығын қалай анықтауға болады? Мониторингтік топ деген не, оның құрамы, өкілеттігі қандай? Тексерудің чек-листі (тексеру парағы) дегеніміз не, нақты нормалар (мысалы, кілемше қаншалықты дымқыл болуы керек?) бар ма? Полиция қызметкерлері бизнес нысандарына санитарлық талаптардың сақталуына қатысты неге тексерумен келеді? Шағын бизнесті тексеруге белгіленген мораторий қайда қалды?

  Эпидемия кезеңінде ЖОСПАРДАН ТЫС тексерулер алдын ала хабарландырусыз жүргізіледі (ҚР Кәсіпкерлік кодексі 144-бабының 6-тармағы). Мұндай тексерулерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің (санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) аумақтық департаменттерінің қызметкерлері жүргізеді.  

Осы ретте тексерушілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік топ құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, полиция органдары, жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері кіреді. ҚР Кәсіпкерлік кодексі 155-бабының 6-тармағына сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z698

Сақтауға қажетті талаптар бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларымен бекітілген. Бірақ тексеру тексеру парағы шеңберінде жүзеге асырылады, құжат ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-77/2020 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 шілдедегі №52 бірлескен бұйрығымен бекітілген. Тексеру парағында небәрі 24 талап қарастырылған (санитарлық дәрігерлердің қаулыларында талаптар әлде қайда көп). Басқаша айтқанда, кәсіпкер аталған талаптардың бірін бұзса, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тарапынан жауапкершілікке тартылады. Тексеру парағына сілтеме:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020936#z60

Нысаныңызға мониторингтік топ құрамында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері келгенін анықтау үшін infokazakhstan.kz порталына кіру жеткілікті, порталда инспекторлар туралы деректер жазылған, осы тізім арқылы нысанға келген тексерушінің деректерін тексеріп алуға болады. Егер мониторингтік топ құрамында тізімде жарияланған деректерге сәйкес келетін бірде бір қызметкер болмаса, онда мұндай тексерудің заңдылығы екі-талай.

Алайда Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстінің 802-бабына сәйкес полиция қызметкерлері бұзушылықтарды тіркеп, материалдарды ары қарай әкімшілік іс қозғау үшін санитралық-эпидемиологиялық қызметке беруге құқылы. «Атамекен» ҰКП полиция қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті қорғап, кәсіпкерлердің емес, азаматтар тарапынан орын алған бұзушылықтарға назар аудару қажет деп санайды. Сәйкес позиция хат түрінде жіберіліп, ІІМ-нен ресми жауап күтілуде.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z2777

Құқықтарыңыз бұзылған кезде немесе тексеруші органдар тарапынан басқа да заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда өңіріңіз бойынша байланыс орталығына немесе прокуратура және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының мобильді топтарына сілтемеде көрсетілген нөмірлер арқылы хабарласу керек сілтеме:

https://atameken.kz/ru/pages/1130-infokazakhstan

Шағын кәсіпкерлікті (соның ішінде микро-) тексеруге үш жылға мораторий жарияланған. Алайда ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Мәселен, халықтың денсаулығы мен өміріне әлеуетті түрде жаппай қатер тудыратын бұзушылықтарды алдын алу немесе жоюға бағытталған тексерулер жүргізілуі ықтимал.  

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1900000229

2. Infokazakhstan.kz порталында тіркелмей жұмыс істеп жатқан кәcіпкер заңнаманың қандай нормаларын бұзады? Жауапкершілік қандай?

 Порталда тіркелуші кәсіпкерлердің үлкен легін, сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны алу қиындығын ескере отырып, көп кәсіпкер өтінімді уақтылы беруге үлгермей жатыр.  Егер рұқсат етілген қызметпен айналысатын кәсіпкер infokazakhstan.kz порталында тіркеуден өтпей жұмыс істеп жатса, осы негіз бойынша кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Дегенмен,  кәсіпкер белгіленген санитарлық талаптарды орындауға міндетті.

 Егер мониторингтік топ кәсіпкердің порталда тіркелмей жұмыс істеп жатқанын анықтайтын болса, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет кәсіпкерге infokazakhstan.kz порталында тіркелу қажеттігі туралы сәйкес ескертпе береді. Ал ескертпені орындамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі (рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – 5АЕК көлемінде айыппұл, өкілетті тұлғаларға – 15 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымға – 100 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады).  

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z1572

Белгіленген санитарлық талаптарды бұзу үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік бар (жеке тұлғаларға 30 АЕК, санатына қарай бизнеске 230 АЕК-тен 1600 АЕК-ке дейін)

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235#z1443

  1. Тексеруге өтінім және хабарландыру тәртібіндегі өтінімнің айырмашылығы неде?

 ҚР Бас санитарлық дәрігердің 20.08.2020 жылғы №49 қаулысына сәйкес нысандар, бұған қоса қызметі тоқтамаған нысандардың жұмысын жаңарту ҚР Бас санитарлық дәрігердің 15.08.2020 жылғы №48 қаулысының 2 және 3-қосымшасына сәйкес (яғни infokazakhstan.kz порталында тіркелу арқылы)

 іске асырылады.

 №49 қаулымен мына сілтемеден танысуға болады: https://infokazakhstan.kz/info/

Демек, қызметтің кез келген түрі, тіпті осыған дейін жұмысы тоқтамаған нысандар порталда тіркеуден өтуі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер