astana-view

«Бизнестің жол картасы-2025»: кәсіпкерлер берілген мерзімі 4 жылдан асып кеткен несиелерді қайта қаржыландыра алады

2020 жылғы 27 Тамыз
7731 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің өтініштері негізінде ҚР Ұлттық Экономика министрлігі алдында кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген мерзімі 4 жылдан асып кеткен несиелерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік беруді ұсынды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынысты қолдап, Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өзгерістерді енгізді. Осыған дейін Мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша кәсіпкерлерге мерзімі 4 жылдан аспайтын несиелерге қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілетін. Енді Мемлекеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістер негізінде кәсіпкерлер берілген мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелерді қайта қаржыландыра алады.

Аталған өзгерістер кәсіпкерлерге несиелер бойынша қарыз ауыртпалығын жеңілдетуде тиімді қолдау шарасы болмақ.

Осыған байланысты кәсіпкерлер займдарға қызмет көрсету бойынша шарттарды жақсарту мақсатында екінші деңгейлі банктерге жүгіне алады. Айта кету керек, кәсіпкерлердің несиелері Мемлекеттік бағдарлама шарттарына сәйкес келуі керек.  

Анықтама үшін: «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №491 қаулысымен өзгерістер енгізілді, құжат 2020 жылдың 26 тамызында жарияланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер