astana-view

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы анықталды

2020 жылғы 27 Тамыз
- Ақтөбе облысы
8921 просмотров

Іріктеу комиссиясының отырысы барысында Өңірлік кеңеске өткен сайлаудың нәтижесі қорытындыланды. Ең көп дауыс жинаған Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының танымал кәсіпкерлері арасынан Өңірлік кеңестің жаңа құрамының тізімі жарияланды.

Ақтөбе облысы бойынша Өңірлік кеңес мүшелігіне квота саны 33 адамды құрайды. Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамына барлығы 97 үміткер сайлауға қатысты.

Бұл ретте өңірлік кеңестің өткен құрамынан қазіргі сайлауға 12 адам қатысты, оның 7-і жаңа құрамға өтті.

Кәсіпкерлер Палатасы дауыс беруге қатысқан өңірдің барлық бизнес өкілдеріне алғысын білдіреді. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысатынына сенімдіміз.

«Ақтөбе облысының әрбір кәсіпкері өз кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік алды, сондай-ақ өз үміткеріне дауыс беру арқылы өзінің ұстанымын білдіре алды. Құрамды сайлау негізінде қалыптастыру қосымша қоғамдық заңдылықтың орнауын қамтамасыз етеді және алдағы уақытта өңірлік палата жұмысындағы жаңа идеялар мен ұсыныстар үшін демеу болады деп санаймыз. Бір орынға үш адамнан өткен байқау, біздің мекеменің ашықтығын және кәсіпкерлердің кемелділігін көрсетеді. Кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестеріне сайлау бизнес-қоғамдастықтың "пісіп-жетілгенін" және өңірлерде бизнесті дамытуға және кәсіпкерлер палаталарын басқаруға өз үлесін қосуға дайын екендігін көрсетті. Өңірлік кеңес мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы диалог алаңы болып табылатыны белгілі. Өңірлік кеңес мүшелері бизнестің проблемалық мәселелерін шешуге,  нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі және т.б.», - деп атап өтті Палата директоры Анар Даржанова.

Үміткерлер ретінде қоғамда қомақты салмағы бар, белсенді, жария кәсіпкерлер, қауымдастық басшылары тіркелді.

Өңірлік кеңестер құрамына облыс орталықтары мен аудандардың бизнес субъектілерін біркелкі ұсыну үшін келесідей арақатынас белгіленгені белгілі: 60% облыс орталығына, 40% аудандарға, моноқалаларға және шағын қалаларға бекітілді.

Дауыстарды санау нәтижесінде және өңірге белгіленген квотаны ескере отырып, 33 мүшеден тұратын Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы жарияланды. Тағы 60 үміткер резервке алынды.

«Бұл сайлау - сайлаудың ашықтығы, заңдылығы, демократиялығы үдерісіндегі үлкен қадам. Егер бұрынғы құрам тағайындалмалы болса, енді бұл құрам сайлау барысында анықталды. Біз сайлау алдындағы үгіт-насихатты бақыладық, әлеуметтік желілерде адамдар ватсап арқылы сілтемелерді, өз бағдарламаларын жібергендерін көрдік, , әділ, демократиялық сайлаудың барлық процестерін көрдік. Пандемияға байланысты дауыс беру процесінің өзі онлайн ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылып, ашық болды. Бұл дауыс берудің ең күрделі және ашық түрі. Мұнда сіздің дауысыңызды ешкім жасай алмайды, ЭЦҚ барлығында жеке. Сондықтан расында үгіт-насихат, үлкен жұмыс болды. Мен өңірлік кеңестің бұл құрамы одан да көп жұмыс атқаратынына сенімдімін», - деп атап өтті комиссия мүшесі, «i.com Internet Solutions» ЖШС-нің Бас директоры  Хайдар Ілиясов.

Егер Өңірлік Кеңестің құрамын талдайтын болсақ, мүшелердің орташа жасы – 47 жас, бұл ретте ең жасы-30 жаста.

Келесідей салалар ұсынылған:

АӨК-6

Сауда - 5

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар-3

Өзге де қызмет түрлерін ұсыну-3

Көлік және қоймалау - 3

Ақпарат және байланыс-2

Өңдеу өнеркәсібі -2

Өнеркәсіп - 2

Құрылыс-2

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету - 1

Білімі - 1

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет -1

Аккредиттелген қауымдастықтар -2

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің

ҚҰРАМЫ

Аты-жөні

Ұйым, лауазымы

Дауыс саны

1.

Итегулов Марал Сергазиевич

ЖШС "АЙС", құрылтайшы

824

2.

Омаров Нурбек Серикбаевич

ЖШС "Позитив холдинг", құрылтайшы

723

3.

Трубин Сергей Викторович

ЖШС "Fora Trade", құрылтайшы

543

4.

Урмагамбетов Самат Сагингалиевич

ЖШС "Bavaria Construction", директоры

529

5.

Айтжанов Асхат Абдрахманович

ЖШС "ДАСТАН", құрылтайшы

414

6.

Сарбасов Наурызбек Жумабекович

ИП "Сарбасов Наурызбек Жумабекович", басшы

412

7.

Кабиев Асхат Нурсултанович

ЖШС "Лучшее решение", құрылтайшы

363

8.

Мухамбетов Ерикжан Алимжанович

ЖШС "СДС 2012", құрылтайшы

325

9.

Сактаганова Айгуль Канатовна

ИП "Сактаганов А.К.", директоры

313

10.

Илайкова Динара Маратовна

КХ "Эльмира", басшы

308

11.

Ищанов Куаныш Амангалиевич

ЖШС "АЙС-ПЛЮС", директоры

297

12.

Алкин Женис Дюсимбаевич

ЖШС "БИОС", директоры

286

13.

Сергазиева Нурслу Еркыновна

ЖШС "Спецпромцентр", құрылтайшы

283

14.

Итегулов Марат Сергазиевич

ОЮЛ "Ассоциация производителей молока и молочных продуктов Актюбинской области", Председатель правления

258

15.

Кенжегарин Нурлан Амирханович

ЖШС "Еламан", директоры

253

16.

Куканов Жумабек Кулмуханбетович

ЖШС "Әлия жолдары", директоры

246

17.

Дуйсенов Алибек Габиденович

ЖШС "Nomad Gas", директоры

221

18.

Талаева Таттыгуль Жаксыбаевна

ЖШС "Телерадиокомпания "ТАНДЕМ", директоры

208

19.

Жумабаев Арыстанбек Сандыбаевич

ЖШС "Ремстройгрант", директоры

201

20.

Айдарханова Кульпаршин Алпысбаевна

ЖШС "Реабилитационный центр "Акбобек", құрылтайшы

192

21.

Хамитов Талгат Амангельдиевич

ОЮЛ "Ассоциация по защите прав предпринимателей", Председатель правления

185

22.

Жылгелді Арман Зашитұлы

ЖШС "Айбар-А", бас директор

170

23.

Сәрсенбаев Ибрагим Махайұлы

ЖШС "Наурыз-СИМ", директоры

169

25.

Стручков Геннадий Николаевич

ЖШС "Районная газета" "Жаңалық жаршысы", директоры

154

24.

Әлин Қыдыралы Жақсыбайұлы

ЖШС "Аудандық "Шалқар" газеті", директоры

154

26.

Тлегенова Бану Жувангалиевна

 "Тлегенова Б.Ж." ЖК директоры

143

27.

Еңсеп Сабыр Бердімжайұлы

 "Еңсеп С.Б." ЖК басшысы

132

28.

Иманбаев Амангельды Алпыспаевич

"Винтаж" ЖК басшысы

109

29.

Байболатов Косай Толегенович

"Байболатов К.Т." ЖК басшысы

108

30.

Алитурлиев Сандыбай Амиржанович

"Алтын дала" ШҚ басшысы

79

31.

Туремуратов Спартак Шеруенович

"Спарта" ШҚ басшысы

61

32.

Есказиев Еркин Нурбаулиевич

"Ерлан" ШҚ басшысы

57

33.

Салиев Артур Бауыржанович

ИП "Кете Транс Ойл Сервис", басшы

31

 

Естеріңізге сала кетейік, жалпы ел бойынша 1141 кәсіпкер мен қауымдастық өкілдері қатысқан іріктеу науқаны шілде айында басталған болатын. 7-22 шілде аралығында құжаттарды қабылдау және кандидаттарды тіркеу жүргізілді, 25 шілде мен 3 тамыз аралығында үгіт – насихат науқаны өткізілді. Негізгі кезең - дауыс беру – 2020 жылдың 5 тамызы мен 20 тамызы аралығында өтті.

Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының, сондай-ақ 12 облыстың Өңірлік кеңестеріндегі барлығы 436 орынға 1028 үміткер қатысты. Әрбір өңірде, бақылау органдарына мүшелікке квота саны кәсіпкерлік субъектілерінің санына қарай 20-дан 35 адамға дейін құрады.

Мүшелікке кандидат ретінде өңірде тіркелген кәсіпкерлер, ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың атқарушы органдарының  және қауымдастықтардың басшылары және мүшелері тіркелуіне мүмкіндіктері болды.

Дауыс беру vote.atameken.kz сайт базасында: SMS және ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылды. Бұл ретте, дауыс беруге БСН/ЖСН арқылы верификациялаудан өткен өңірдің бизнес субъектілері қатысуға құқылы болды.

Дауыс беруге барлығы 130 мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Ақтөбелік кәсіпкерлер дауыс беруге неғұрлым белсенді қатысқандар ретінде атап өтілді (Шымкент қ. (17,6 мың дауыс), Нұр-сұлтан қ. (16,1 мың дауыс), Ақтөбе облысы (11,6 мың дауыс), Қарағанды облысы (11,2 мың дауыс).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер