astana-view

Түркістандық 19 мыңға жуық кәсіпкер InfoKazakhstan.kz сайтына өтініш берген

2020 жылғы 28 Тамыз
- Түркістан облысы
5956 просмотров

28 тамыз күнгі ақпарат бойынша https://infokazakhstan.kz/ сайтына Түркістан облысынан 18 715 өтініш түсіп, оның 15641 кәсіпкерлік нысаны дайындық актісін алған, жұмыстарын кедергісіз жүргізуде. Ал 1080 кәсіпкер өтінімдері өңдеу сатысында, 52-сі мемлекеттік органдар қарауында.

https://infokazakhstan.kz/ сайтына тіркелу үшін кәсіпкерлерде электронды цифрлы қолтаңбасы болса жеткілікті. Техникалық мүмкіндігі жоқ, ЭЦП кілті қолында жоқ кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, дайындық актісін алуға көмек көрсетеді.

Ерекше мән беретін жайт, кәсіпкерлер https://infokazakhstan.kz/ өздері өтініш беріп, қызметті жылдам ала алады. Техникалық мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасының Түркістан қаласы мен аудандардағы мамандары қызмет көрсетуде. Порталға тіркеу ақысыз, ТЕГІН.

Бизнес түрлерінің басым бөлігі, тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылып, мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметін бастай алады.

Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысынжүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба  арқылы растау.

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.

Тексерудің болмауы, жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық бақылау, кез келген келуші бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органға жібере алады.

Түркістан облысы бойынша мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 4 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері.

Егер кәсібіңіз көпшілік жиналатын нысандар, балалармен тактильді қатынас жасалатын бизнес түріне жатса, онда  жұмысты бастауға рұқсатты алу үшін санитарлық талаптарға сай келу бойынша тексеруден өту қажет, яғни рұқсат беру тәртібі қолданылады. Бұл қажетті процедура деп санаймыз.

Порталда толтыру процедурасы да қиын емес.

1-қадам.InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен  мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет!

2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.

3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.

4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.

Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін іліп қою қажет.

Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруден екінші рет өтуге болады.

Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін), Түркістан облысы бойынша 8 /72533/ 5-98-98.

Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне басқа қызықты ақпарат жарияланады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер