astana-view

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы құрылды

2020 жылғы 28 Тамыз
5102 просмотров

27 тамызда Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау жөніндегі іріктеу комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, Басқарма шешімімен ішкі талаптардың бірқатар бұзушылықтарының анықталуына байланысты өңірдегі бақылау органына іріктеу науқаны қайта өткізілді

Сайлау науқанына қатысуға өңірлік кеңеске 56 кандидаттың 47-сі жіберілді. Бизнестің 9 өкілінің өтініштері белгілі себептер бойынша іріктеу комиссиясының шешімімен қабылданбады.

Маңғыстау облысы Өңірлік кеңесінде 20 орын бар. Осылайша бақылаушы органның бір орнына екі адамнан артық өтініш түсті. Бұл орташа республикалық көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Мүшелікке үміткерлер ретінде өңірде тіркелген кәсіпкерлер, атқарушы органдардың басшылары немесе қызметкерлері тіркеле алады.

22-26 тамыз аралығында vote.atameken.kz порталында өткен дауыс беруге 13 184 кәсіпкер қатысты. Оның 93%-ы  SMS-хабарлама арқылы, 7%-ы ұйымның ЭЦҚ арқылы дауыс берді. Ақтау қаласы (8,7 мың дауыс), Мұнайлы ауданы (1,7 мың дауыс), Жаңаөзен қаласы (шамамен 1,4 мың дауыс) кәсіпкерлері ең белсенді болды.

«Кәсіпкерлер тарапынан сайлаудағы белсенділік жоғары болды. Сайлау басқа өңірлерге қарағанда қысқа мерзімде өткеніне қарамастан, өңірлік кеңеске үміткерлер саны айтарлықтай өсті. Комиссия ең көп дауыс жинаған 20 кандидатты анықтап, оларды «Атамекен» ҰКП орталық аппаратының қарауына ұсынды. Оның ішінде 6-ууы әйел кәсіпкер, ең жас үміткер 32 жаста. Жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша өңірлік кеңестер құрамы 75 пайызға жаңартылды», – деп атап өтті комиссия төрағасы Нұрлан Сүйінбаев.

«Өңірлік кеңес Кәсіпкерлер палатасының бақылау органы болып табылады. Сондықтан оның құрамына облыстың ең белсенді және беделді бизнес өкілдері іріктеледі. Сайлау біздің ұйымның ашықтығын және кәсіпкерлердің дайындығын көрсетті. Басқарушы органның жаңартылған құрамы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының дамуына жаңа серпін береді. Үміткерлер арасында тәжірибелі бизнесмендер де, креативті ойлау қабілеті бар жас кәсіпкерлер де бар», – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.

Еліміз бойынша 27 тамызда Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары мен 12 облыстың Өңірлік кеңестерінің құрамы құрылды. Ооларда кеңестің 436 мүшесі қызметке кірісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер