astana-view

«Кәсіпкерлік негіздерін» білім беру жүйесінің барлық деңгейінде оқу керек

2020 жылғы 03 Қыркүйек
7691 просмотров

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыру және білімнің барлық деңгейінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу қажеттілігін атап өтті

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 10-сынып оқушыларын оқыту бағдарламасына енгізілді. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларына енгізіледі. Жаңа пән Қазақстанның 17 мектебінде сынақтан өтті.

 Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сынып оқушылары үшін тәжірибеге бағдарланған тәсіл, кейстер және жалпы кәсіпкерлікті меңгеруде қолданылатын басқа да әдістер арқылы экономика негіздерін оқытуды енгізу орынды. «Кәсіпкерлік негіздері» пәні рейсейлік мектептік оқыту бағдарламасында және Еуроодақ елдері бағдарламаларында бар.

 «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні шеңберінде кәсіпкерлік негіздері, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алу, оқушылар бойына кәсіпкерлік ойлау, белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру, сондай-ақ, заманауи нарық жағдайында одан әрі дербес қызметті ұйымдастыруға қажетті дағдыларды сіңіру қарастырылған.

  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабағы барысында оқушылар қаржы сауаттылығы, жеке қаржы ресурстарын басқару мәселелерін игереді, өздерінің шағын оқу стартаптарын дербес ұйымдастырып көреді, банк жүйесі, қор нарығы құрылымын, халықаралық бизнес мүмкіндіктерін зерттейді. Осы экономикалық тақырыптардың барлығы жалпы білім беру үдерісіне студенттер алған білімдерін дереу қолдана алып, оны өз стартап жобасын ұйымдастыруға, оны жүзеге асыруға тырысу арқылы практикада тексере алатындай етіп, енгізілген.

 «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жобалық топтың жетекшісі Нұғман Жұлдызбаев:

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, 2020 жылдың 13 шілдесінен бастап 28 тамызына шейін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагогикалық кадрларды қайта дайындау курстарының білім беру бағдарламасы бойынша  1789 мұғаліміне біліктілікті арттыру курстарын өткізді».

 Оқыту үш лек бойынша өтті:

  • 2020 жылдың 13-24 шілде аралығында 1-лек бойынша мемлекеттік орта мектептер базасында 33 бизнес-тренер 707 адамға дәріс берді;
  • 2020 жылдың 3-14 тамыз аралығында 2-лек бойынша 695 адам оқыды;
  • 2020 жылдың 17-28 тамыз аралығында 3-лек бойынша 387 адам оқыды.

Біліктілікті арттыру курстары zoom платформасында онлайн форматында қашықтан оқыту технологияларын қолданумен өтті, курс ұзақтығы 108 академиялық сағатты құрады.

 Айта кету керек, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған «Кәсіпкерлік негіздері» курсын екі жыл қатарынан өткізіп келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдары және жоғары оқу орындарының 1475 оқытушысына, сондай-ақ орта мектептердің 1882 мұғаліміне біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Мемлекеттік техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдары және жоғары оқу орындарының 97 мың студентыі кәсіпкерлік негіздерін оқыды.

  Аталған жобаларды іске асыру үшін «Атамекен» ҚР ҰКП оқу-әдістемелік кешен, біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы және Atameken Academy платформасы арқылы онлайн-оқыту мүмкіндігімен бейне сабақтар әзірледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Атамекен» ҚР ҰКП жобалық тобы мұғалімдерге ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер