astana-view

Шымкенттік оқушылар кәсіпкердің мектепке айналдырған салтанат сарайында оқып жатыр

2020 жылғы 07 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
9301 просмотров

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Юг House» ЖШС Бас директоры Есбол Қамбаров «Оңтүстік «қабылдау үйін» мектепке берді.

Қазірдің өзінде онда жақын орналасқан №80 мектептің кезекші сыныптарының 530 оқушысы оқиды. Жалпы ғимарат 2500 адамға арналған.
Кәсіпкер мұндай шешімді пандемияға байланысты қабылдады, өйткені, оның барысында тойхана тоқтап қалуға мәжбүр болды.

«Тойханада мектеп ашпас бұрын мен - басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, Финляндия, Англия және басқа елдердің мектептерінде балалар сарайлар сияқты интерьері бар мектептерге баратынын білдім. Бұл қазір кең таралған тәжірибе. Дәл осындай жағдай балаларды мектепке мереке ретінде баруға бейімдейді. Мен ҚР Білім министрлігінің Білім саласындағы бақылау департаментінде білім беру қызметін жүргізуге лицензия алдым, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, салтанатты залдарды сыныптарға қайта жөндеуден өткіздім және тойханада жеке мектеп аштым», - деп атап өтті Есбол Қамбаров.

Қазіргі уақытта тойханада оқу аудиториялары үшін салтанатты залдарды қайта құру жалғасуда. Қайта жабдықталған кабинеттерді аяқтағаннан кейін қосымша 300-ден астам оқушы оқи алады.

Мадина Тұрсынбекова, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары:

«Есбол Қамбаров - Өңірлік кеңестің жаңа мүшесі, жақында ғана өткен сайлауда көп дауыс жинаған болатын. Көптеген жылдар бойы балабақшалар, мектептер, спорт кешендері және басқа да әлеуметтік нысандар салумен айналысатын кәсіпкер. Айтпақшы, пандемия кезінде қала кәсіпкерлерінің арасында бірінші болып азаматтық ұстаным мен әлеуметтік жауапкершілікті белсенді көрсеткен Өңірлік кеңес мүшелері болды. Тек Өңірлік кеңес мүшелерінің өзі 80 млн. теңгеден астам сомаға халыққа көмек көрсетті: оттегі концентраторлары, ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттары сатып алынды, провизорлық орталықтар үшін тамақтандыру ұйымдастырылды, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Олар бірінші болып Мақтарал ауданының зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын созды».

Олардың қатарында бизнесмен Ербол Қамбаров та бар. Өзінің сәнді тойханасын мектепке тапсырудан басқа, Германиядан жеке қаражатына 35 оттегі концентраттарын сатып алып, бүгін оларды Шымкент пен Түркістан облысында орналасқан провизорлық орталықтарға тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер