astana-view

Экотуризм: кәсіпкерлер жүйелі әрекеттерді ұсынды

2020 жылғы 11 Қыркүйек
6095 просмотров

COVID-19 індеті салдарынан шекаралардың жабылуы мен шектеулер жағдайында отандық демалыс орындарына сұраныс артты. Демалушылар санының артуына қарай әлеуметтік желілерде қоқыс үйінділер түсірілген суреттер саны көбейген

«Өкінішке қарай, Ұлттық парктердің инфрақұрылымы туристердің осындай легіне дайын болмай қалды. Біз қоқыстарды тазалау арқылы мәселені шешуге болмайтынын бірнеше рет көтерген болатынбыз. Мәселеге жүйелі тұрғыда қарау керек – аймақтау және абаттандыру арқылы демалысқа жағдай жасау, келушілер ағынын басқару процестерін жолға қою маңызды. Сонымен қатар халықаралық практикада цифрлық мониторинг және бастауыш сыныптардан бастап білім беру практикалары кең қолданыс тапқан», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Спикердің айтуынша, қоқысқа қатысты барлық мәселені демалушылардың төмен мәдениетіне жауып тастауға болмайды. Егер демалыс аумағында пикникке арналған арнайы беседкалар, ал жанында қоқыс жәшіктері тұрса, демалушылар қоқысты жәшікке тастайды.

 «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев демалыс аумақтарында белгілер мен қоқыс жәшіктерінің жетіспейтінін айтты.

 «Шарын шатқалында арнайы орындарды аймақтау бар, алайды «Тыныштықты сақтаңыз» немесе «От жағуға болмайды» үндеулері іске аспайды немесе кері әсер береді. Ағындарды бақылау – қажетті нәрсе, бірақ біз осы жазда бірнеше жерді аралап, цифрлық реттеуді дамытудағы басты кедергі – интернеттің болмауында екенін түсіндік. Мысалға, Көлсайда тәртіпті бұзушылар мониторингі мен электронды билеттеуді жүргізу қолжетімсіз. Онда мобильді байланыс жоқ әрі демалыс аймағында қолма-қолсыз төлем қабылдау мүмкін емес. Аймаққа кіру үшін адам басынан емес, көлік бірлігінен алуға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізу қажет деп санаймыз. Осы шара қолға алынбағанша, ештеңе өзгермейді. Бізде ресми статистика бойынша ұлттық парктерге жылына 1 млн адамға дейін келеді, міне осы көлемнің өзі қоршаған ортаға зиян келтіреді. Мәселен, АҚШ-та ұлттық парктерге жылына 318 млн адам барады, ал табиғатқа зиян келтіру деңгейі төмен. Бірінші кезекте елімізде  мәдениет деңгейі нашар, қанша еріктілер мен қызметкерлер болса да, олар барлық қоқысты жинай алмайды», – деді Ержан Еркінбаев.

Kazakh Tourism  бюджетті қайта қарастыру шеңберінде туристердің мәдениетін көтеру бағдарламасын жүзеге асыру және желілерде таратуға болатын әлеуметтік жарнамамен бейнематериалдар түсіруді ұсынды.

«Шарын шатқалы» МҰТП директоры Елнұр Ахметов интернеттің болмауы проблема екенін айтты, бұл жайт төлем жүйесі (онлайн төлем жүргізу мүмкін емес), сондай-ақ келушілерге мониторинг жүйесіне кері әсер етеді.

Қазақстан туристік қауымдастығының төрайымы Рашида Шайкенова және «Еуразия туризм қауымдастығы» ЗТБ Рысты Қарабаева ұйымдастырушылық туризм ситуацияны шешеді деген ойда. Өйткені ұйымдастырушылық тур барысында демалушыларға нұсқаулық сабағын өткізуге болады.

 Сонымен қатар Рашида Шайкенова экологиялық тәрбие бойынша іс-шаралардан бөлек, Ұлттық паркеттердің дамуы үшін қоғамдық кеңестердің құрылуы маңызды болады деп санайды.

 «Kazakh Tourism  Алматы және Алматы облысы үлгісінде қоғамдық кеңестерді құру тәжірибесін барлық ұлттық парктерге тарата алады», – деп ұсынды спикер.

 Алматы облысы туризм басқармасының жетекшісі Жанар Алшымбаева 4 бөлімнен тұратын туристік мүдде орындарына арналған экологиялық кейс жобасын ұсынды, олар: туристік ағынды басқару, қоқыс қалдықтарын басқару, туристік маршруттарды абаттандыру, саяхат мәдениетін қалыптастыру. Спикердің айтуынша, туристік ағымдарды реттеу үшін туристік трафикке субсидиялар қолдануға болады, егер Ұлттық парктердің бірінде келушілер көп болса, туристік ағынды осы механизм бойынша басқа паркке жіберіп отыруға болады.

 «Қоқыс депозиті» атты механизмді енгізу керек, бұл дегеніміз Ұлттық паркке келген туристер белгілі бір көлемде қаражат төлейді, егер турист артынан қоқысты жинап кетсе, аталмыш сома қайтарылады. Егер қоқыс жиналмаған болса, депозит сомасы сол қоқысты жинайтын жұмысшыларға төленеді», – деп атап өтті спикер.

 Қатысушылардың бірқатары айыппұлдарды жоғарылату, сонымен қатар Ұлттық парк тарапынан тиісті бақылау жүргізуге қатысты идеялар айтылды.

Оралдық эколог Ринат Өтелбаев нақты талаптар қойылып, оларды орындауға мониторинг жүргізу қажеттілігін атады: кен орындарында пайдаланылатын процедураларға ұқсас нақты шаралар, егжей-тегжейлі жоспар қажет. Яғни толығымен түсінікті бизнес-процесс қажет, сонда ғана туристердің бұрыс әрекеттеріне қатысты проблемалар болмайды.

 «Ұлттық парктерге кіреберісте адамдар толық нұсқаулық алып, ал аумақтың өзі аймақтандырылып, ақпараттық белгілер және билбордтармен жабдықталуы тиіс. Бұдан бөлек, аумаққа тұрақты тексеру жүргізетін арнайы қызмет болуы маңызды. Әрине, оған сәйкес бюджет қарастыруы керек», – деді Ринат Өтелбаев.

 Спикермен кәсіпкер Гүлден Оспанова келісті. Оның пікірінше, Ұлттық парктер бюджетінің құрылымын талдап, әкімдіктермен бірге қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және жою үшін қажетті мөлшерді белгілеу қажет.

 Экология, геология және табтиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылғы комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Мұратов жиында көтерілген мәселелер Министрлікке таныс екенін, көп мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, мәселен, Ақмола облысының үлгісінде барлық ұлттық парктерде мобильді байланыс және интернетті қамтамасыз ету, сондай-ақ Іле Алатауы ұлттық паркіне 200 қоқыс контейнері және 2 қоқыс жинаушы көлік беру бойынша келіссөздер бар.

Жиынды қорытындылай келе, Юлия Якупбаева мәселелерді шешуде Экология министрлігі, ҚазақТуризм, санитарлық дәрігерлермен брлесіп, «Атамекен» алаңында келесі бағыттар бойынша бизнеспен бірлескен шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды:

  1. ұлттық парктер бюджеті құрылымына талдау жүргізу (соның ішінде қоқыс жинау және бақылау жүргізуге қаржының барын тексеру);
  2. ұлттық парктердің инфрақұрылымын түгендеу (маршруттарды абаттандыруға қатысты жоспарлар мен ұсыныстар);
  3. ұлттық парктер аймағында экологиялық және санитарлық талаптарды ұстануды әкімшіліктендіру (мониторинг) бойынша ұсыныстар;
  4. туристік ағындарды басқару бойынша ұсыныстар;
  5. экологиялық мәдениетті насихаттау және тәрбиелеу бойынша ұсыныстар;
  6. цифрландыру бойынша ұсыныстар (желілерді жүргізу; онлайн тіркеу; онлайн төлемдер; бейне бақылау және т.б.);
  7. қоқысты утилизациялау бойынша ұсыныстар (қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және қоқысты сұрыптауды дамыту бойынша стимулдар);
  8. айыппұлдар жүйесі және мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар (ұйымдастырушылық тасымалдауды субсидиялау, жалғыз аяқ жолдарды абаттандыру және т.б.).

  «Бизнес өкілдері және сарапшылар тарапынан жоғарыда аталған тармақтар бойынша ұсыныстарды күтеміз. Барлық ұсыныстарды жинап, әр тармақ бойынша құрылымдайық. Нәтижесі бойынша Мәдениет министрлігі, Қазақтуризм және Экология министрлігімен бірлескен жоспар жасалады», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер