astana-view

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның Съезі 29 қазанда өтеді

2020 жылғы 11 Қыркүйек
6850 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осымен ҚР ҰКП Төралқасы Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

ҚР ҰКП-ның Съезі 2020 жылғы 29 қазанда сағат 15.00 өтеді.

Съезді өткізу нысаны: бейне-конференцбайланысты (zoom) және онлайн дауыс беру жүйесін қолдана отырып, онлайн түрінде.

Онлайн түрінде өтетін Съезге қатысуға арналған сілтемелер толық нұсқаулықпен қоса, Съезд қатысушыларының электрондық мекенжайларына жолданатын болады.

Съезд қатысушыларын бейне-конференцбайланыста және онлайн дауыс беру жүйесінде тіркеу (авторизациялау) 2020 жылғы 29 қазанда сағат 13.00 басталады, 2020 жылғы 29 қазанда сағат 15.00 аяқталады.

Күн тәртібі:

  1. ҚР ҰКП Жарғысы мен Съездің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.
  3. ҚР ҰКП трансформациясы туралы.
  4. ҚР ҰКП Басқармасының өкілеттік мерзімін ұзарту туралы.
  5. ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту туралы.
  6. ҚР ҰКП Төралқасы жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау туралы.
  7. Басқа да мәселелер.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Съезд қатысушыларының атына электрондық байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданатын болады.

Анықтама телефондары: +7(7172) 91-93-00, 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер