astana-view

Бизнес саласындағы тағы бір қауымдастық аккредиттеуден өтті

2020 жылғы 14 Қыркүйек
- Астана қаласы
5360 просмотров

«KIT» бизнес қауымдастығы» ЗТБ Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өтті

«KIT» бизнес қауымдастығы» ЗТБ  жетекшісі Бауыржан Әмірбековке аккредиттеу туралы куәлікті Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов табыстады.

«KIT» бизнес қауымдастығы» ЗТБ  кәсіпкерлік қызметті үйлестіру, кәсіпкерлердің жалпы мүліктік және басқа да заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым.

 «Кәсіпкерлер палатасында қазіргі таңда 6 қауымдастық және 1 өзін-өзі реттеуші ұйым аккредиттеуден өткен. Астаналық қауымдастықтарды Палатада аккредиттеуден өтуге шақырамыз», – деп атап өтті Алмат Жүнісов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер