astana-view

Тимур Құлыбаев: Astana IT University студенттері экономиканы цифрландыруға үлес қосады

2020 жылғы 26 Қыркүйек
4013 просмотров

Университет студенттері ақпараттық технологиялар, web-әзірлемелер, бағдарламалау, робототехника, машина жасауды оқыту, Big Data, жасанды интеллект, телекоммуникациялар мен ІТ-жобаларды басқаруға қатысты мамандықтарды игереді

 Ректор Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, университеттің негізгі миссиясы – оқыту, зерттеу және сәтті инновациялар арқылы Қазақстанның цифрлық трансформациясын қамтамасыз ету. Жоғары оқу орны алдағы бес жыл ішінде Орта Азияда үздік болуға тырысуда. AITU үздіксіз білім берудің Smartcity, SmartUniversity, digitaltwin  сынды цифрлық институттар бағыттары бойынша жобаларды дамытпақ.

 «Атамекен» ҰКП басшысы толыққанды цифрлық ортаны қалыптастыру үшін экономиканың түрлік салаларын қамтитын бағыттарды таңдауды ұсынды.

 «ІТ – кез келген сала үшін ортақ тақырып. Мәселен, білім беру саласы. Пилот ретінде үздік мектеп, алдыңғы қатарлы колледждің бірін алып, оқу процесін толығымен цифрландырып, шешемідерді санап, ары қарай тәжірибені басқа білім беру ұйымдарына таратыңыздар. Цифрландыру денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, тасымлдау және көлік саласына қажет. Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жобаны жасап, ары қарай ел ауқымына таратуға болады. Бұдан бөлек, түрлі салада жұмыс істеу тәжірибесі студенттерге оқу процесінде қай салада кәсіптік дағдыларын қолдану қызықты болатынын шеше алады», – деді Тимур Құлыбаев.

 Университет базасында қазан айында «Atameken space» коворкинг-орталығы ашылады, оның басты бағыты – студенттік кәсіпкерлікті дамыту және экожүйені қалыптастыру, оқу семинарларын, хакатондарды («Hackathon»  ағылшын сөзі, hack «хакер» + marathon «марафон») өткізу, стартаптарды қолдау және еңбек нарығына шығуға дайындау.

 «Келесі оқу жылында аталған желі жұмыс істейді деген ойдамыз. Әзірге жоба әзірлену үстінде. Тестік пилоттық жобаны Astana IT Университетімен бастаймыз, егер болса, олқылықтарды түзеп, піскен жобаны тарататын боламыз», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 Келесі жылы осындай орталықтар еліміздің 29 білім ордасында ашылып, 262 мың студент қамтылмақ, алайда «Атамекен» басшысының пікірінше, студенттік жастарды көптеп тартып, бизнес және кәсіпкерлікті жүргізуді сіңіру мақсатында тізім кеңее түсуі керек.

 Қазіргі таңда эпидемилогиялық жағдайды ескере отырып, жобаны онлайн форматта іске асыру ұсынылды, кәсіпкерлікке оқыту, бизнес-кейстерді шешу, іс-шараларды (хакатон, вебинарлар) өткізуге басымдық берілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұрғысы келетін студенттер үшін HR corner жұмыс істейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер