astana-view

Сауда орталықтары мен базарлар демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрайды

2020 жылғы 01 Қазан
5475 просмотров

Жабық нысандағы базарлар мен сауда және ойын-сауық орталықтарын жалға алушыларына карантинге байланысты бір жарым ай үзілістен кейін 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге рұқсат берді.

Демалыс күндері жұмыс істеуге әлі де тыйым салынған. 
Санитарлық нормалар бойынша сауда нысандарында келушілер саны сыйымдылқтан 30%-дан аспауы тиіс, барлық нысандарда термометрия, белгілер мен антиспетиктер бар. «Атамекен» бизнес өкілдерімен бірлесіп, экономиканың барлық салалары үшін жұмыс істеуге арналған алгоритмдерді әзірледі. 
Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысын тоқтату, демалыс күндері жабық базарлар жұмысын шектеу шаралары ішкі тауар айналымының теріс көрсеткіштеріне әкеп соқты. Осылайша сауда саласында жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар саны 8,6%-ға төмендеді. Шағын кәсіпорындар үлесі айтарлықтай қысқарған. 
Кәсіпкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне демалыс күндері жұмыс істеуге дайындықтарын көрсетуге әзір.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер