astana-view

Тимур Құлыбаев: Магистральді жолдарды кеңейту Қытайға экспорт көлемін арттыруға көмектеседі

2020 жылғы 01 Қазан
4353 просмотров

2020 жылы Қазақстан Қытаймен жүк айналымын арттырды, бұл туралы Ұлттық палата жанындағы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаев хабарлады. Комитет отырысы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өтті

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және Қытай теміржол әкімшілігімен келісім нәтижесінде металлургтер мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер Достық-Алашанькоу өткізу пунктінде экспорт көлемін арттыра алды.

Жүк жөнелтушілер мен жеке тасымалдаушылар экспорт көлемін арттыруға дайын екендіктерін айтты. Олар көлік инфрақұрылымын қажетті деңгейде дамымай отырғанын алға тартты. Осы ретте жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар «Достық» өткізу пунктін кеңейту және модернизациялауға көмектесуге әзірліктерін, оған әзірлемелерді биыл жасау қажеттілігін атап өтті.

«Қазір өндірушілеріміз үшін қолайлы науқан, ауыл шаруашылығы өнімі үшін Қытай нарығы ашылды. Қытай тарапымен келісім бар, біз тәулігіне 18 жүк пойызын өткізіп жатырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда жүк көлемі 2,5 есе өсті. Алайда бұл толық әлеует емес, инфрақұрылым қажет. 2021 жылы бізге бизнес өкілдері көмектесіп, жүк өткізуді іске асырады деп күтілуде. Біз қосымша бөлек пунктерді салуымыз керек, осылайша көбірек жүк жіберуге болады. Ол үшін Достық-Мойынты учаскесін модернизациялау қажет – бұл үлкен жоба. Осы магистральда екінші линия керек, сонымен қатар тар өткелдерді кеңейту қажет. Сондықтан даму мен қаржыландырудың сараланған бағдарламасы керек», – деді Сауат Мыңбаев.

 Биыл 2025 жылға дейін есептелген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Алайда іс-шаралардың барлығы бірдей қолдау таппады, осыған байланысты Палатаның Логистика және тасымалдау комитеті Көлік салаларын 2030 жылға дейін дамыту кешенді жоспарын әзірлеу қажеттілігін алға тартуда.

 ҰКП салалық комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко: Біз егжей-тегжейлі жоспарды дайындап, олқылықтарды алып тастап, интеграциялауға уақтылы дайындауды қаладық. Кешенді жоспарды әзірлеуді Үкімет қолдады, алайда қаржыландыру қарастырылмады. Жаңа деңгейге шығу үшін зерттеулер қажет. Қазіргі таңда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сала өкілдерінен жетілдірілмеген ұсыныстарды жинап жатыр».

Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушымен өзара қарым-қатынасқа қатысты мәселелер, атап айтқанда локомотив тартқышы және магистральді теміржол желісіне жаңа тарифтерді қалыптастырудың ашықтығы талқыланды.

 Ұлттық палата басшысы тарифтерді реттеу бизнес үшін өзекті мәселелер әрі барлық мүдделі тараптармен егжей-тегжейлі талқылау қажеттігін айтты.

 «Бізге барлық есептеулерді қарап, жүк жөнелтушілер және жеке сектормен кездесіп, ортақ ымыраға келу қажет. Магистральдарды кеңейтіп, жөндеу жүргізу қажет. Үкіметпен бірге магистральді жолдар жобаларын қарап, экспорттық әлеуетті арттыру үшін модернизациялауға басымдық жасалуы керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 Тұтастай алғанда ҰКП салалық комитеті төрағасының айтуынша, сыртқы экономикалық ахуал тасымлдау саласында адамдардың жұмыспен қамтылуына теріс әсер етті. Екінші тоқсанда жұмыспен қамтылу деңгейі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеген. Көлік саласында жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуі Қарағанды облысында – 16,7 %, Шығыс Қазақстан облысында – 10,3% және Павлодар облысында – 9,8 %-ға төмендеген. 2020 жылдың 8 айы ішінде 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестициялар көлемі 2,3 пайызға төмендеген.

 Осы жылы комитет нарық өкілдерінің белсенді қатысуымен көлік салаларын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуді жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер