astana-view

Тимур Құлыбаев: адами капитал – ІТ-саласын дамытудың негізі

2020 жылғы 07 Қазан
9099 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитеті мүшелерімен кездесу өткізді

 Жиынның күн тәртібінде жеке және мемлекеттік ІТ-нарығы арасындағы бәсекелестік, жеке ақпараттық технологиялар нарығы мен мемлекет арасындағы бәсекелестік, мұнай-газ секторы, медициналық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.

 «Нарық 9,5%-ға өсті, алайда белсенді компаниялардың саны 27%-ға төмендеді. Құлдыраудың себебі ІТ-нарығының нақты секторға тәуелдігіне байланысты. Компаниялардың шығындарды қысқартуы автоматты түрде шығыстардың, соның ішінде ІТ-қызметтердің қысқаруына әкеп соғады. Саладағы 6,5 мың компания ішінен шамамен 4,7 мың компания белсенділікті сақтап отыр, сәйкесінше жұмыс орын саны, бағалау бойынша 3-4 мың бірлікке қысқарды», – деді салалық комитеттің төрағасы Болат Башеев.

Спикер сонымен қатар ІТ-нарығының негізгі секторларындағы, соның ішінде білім беру, байланыс және коммуникациялардағы ағымдағы жағдайды атап өтті. Комитет басшысы адами капитал мәселесіне жекелей тоқталып, бүгінде ішкі нарықтарда кадр тапшылығы барын айтты. Бұл қажеттілікті отандық компаниялар өтей алады. Ол үшін ІТ саласының әлемнің өндірістік-өткізу тізбегіне қосылуы қажет. Осы бағыттағы жұмыс басталып кетті.

 «ІТ-нарығымыз дамып, экспортқа бағдарлануы үшін жоғары оқу орындары және колледждермен етене жұмыс істеу керек. Жұмыс берушілердің бағалауы бойынша оқу бағдарламалары 21%-ға ғана талаптарға сәйкес келеді. Жоғары оқу орындарында игерілетін дағдыларды жаһандық нарық деңгейінде ғана емес, тіпті жергілікті жағдайда да қолдану мүмкін емес. Осыған байланысты комитет және атқарушы орган білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Осы бағытта жақсы әлеуетті байқап отырмыз», – деді Болат Башеев.

«Адами капиталдың дамуы – саланы дамытудың негізі және әлемдік еңбек бөлінісіне қатысудың жалғыз мүмкіндігі. Ішкі біліктілікті өсіру арқылы ғана мүмкін келешекте бәсекеге қабілетті өнімдер шығарармыз. Бұл бағыт басымдыққа ие болуы керек. Осы жұмысқа жоғары оқу орындары, колледждер мен ІТ-саласының жетекші компаниялары белсенді әрі жүйелі негізде қатысуы керек», – деді ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев.

 Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарыққа шығуы туралы талқыға «Первое кредитное бюро» ЖШС атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева қосылып, бүгінде ІТ-саласы ішкі нарықта бәсекелесіп жатқанын, қандай да бір жаққа шығу мүмкін еместігін айтты.

 Қолдағы деректерге сәйкес барлық мемлекеттік тапсырыстар квазимемлекеттік секторға кетеді, бұл дегеніміз жалпы нарықтың 85%-ы. Сондықтан Әсем Нұрғалиева айтқан ұсыныстар ішінде мемлекеттік органдар мен мемлекеттің қатысуы ұйымдар үшін ІТ-функцияларын іске асыруға ерекше жағдайлардың жабық тізімімен бас норманы енгізу арқылы шектеу қою бар.

 «Біз қаржы нарығымен жұмыс істеп жатырмыз, халықты құжаттау жүйесінің деректер базасына монопольді қолжетімділік және биометрияның тысқары вендерлерін тарту арқылы қашықтан сәйкестендіру жүйесі құрылған болатын, осы ретте  Ұлттық банктің индикациялық деректермен алмасу орталығының енгізілген жүйесіне қатысты алаңдаушылық бар. Жүйе бірыңғай,  және Ұлттық банк сәйкестіндеру үшін  басқа жеке және коммерциялық жүйелер қолданылмайтыны туралы хабарлама таратты. Нарық қатты алаңдаулы, өйткені тарифтер тым жоғары, олар 450 теңгеден басталады. Іс жүзінде «сары парақар» принциптеріне қайшы мемлекеттік монополия құрылып жатыр», – деп атап өтті Әсем Нұрғалиева.

  ІТ-нарығында монополия тақырыбын Ұлттық палата басшысы қолдап, комитетті нарықпен бірлесіп, осы мәселені шешу үшін ұсыныстарды дайындауды шақырды, аталған ұсыныс Ұлттық банк және мемлекет басшылығымен талқыланады.

 «Қазақстанда түрлі 250 деректер базасы бар, олар жеке тұлғалар (18,5 млн адам) және заңды тұлғалар (22 мың субъект) болып екі санатқа бөлінеді. Мемлекеттік органдар өздерінің квазимемлекеттік компанияларын құрады, олар өз кезегінде бір-бірімен еш қиылыспайтын жеке деректер базаларын құрады. Бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігі мәселесі. Барлық деректер базалары бірыңғай платформада болып, қауіпсіздік, қолжетімділік және басқа да факторларды есепке алғанда өзара байланысуы керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығының атқарушы директоры Денис Степанцев технологияларды дамыту және қолма қолсыз төлемдерді дамытуды қоса алғанда нарықтың қазақстандық ойыншылары үшін жағдай жасау қажеттілігін айтты.

 «Қазақстандық электронды сауда алаңдары салықтық реттеудің теңсіз шарттары салдарынан халықаралық ойыншылармен салыстырғанда ұтылып жатыр. Өйткені халықаралық ойыншыларға жеңілідктер қарастырылған. ІТ-саласындағы бизнес, әсіресе e-commerce ұлттық, сондай-ақ ЕАЭО деңгейінде реттеуге қатты тәуелді. Біздің мемлекеттік органдар экономикалық одақ шеңберінде нарықтың отандық ойыншылардың мүддесін қорғауы маңызды, бұл қалыпты әлемдік практика», – деді спикер.

 ҰКП басшысы «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы өкілінің ұсыныстарын қолдап, нарықтық ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау үшін комитет алаңын белсенді пайдалану қажеттігін айтты. Төралқа Төрағасының пікірінше, мұндай шара жергілікті компаниялардың позициясын ескермей, халықаралық құжаттарды мақұлдауға жібермеуге мүмкіндік береді.

 ІТ-саласында қызметтерді оқшалау әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы «Атамекен» ҰКП-ның мұнай және газ секторындағы ресми өкілі Асылбек Жакиев егжей-тегжейлі айтты.

 Комитет жиыны барысында айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстар Ұлттық палата басқармасының назарына алынып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және ғарыш өнеркәсібі министрлігі және басқа да мүдделі тараптермен алдағы жұмыс кездесулерде қарастырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер