astana-view

«Бастау» түлегі бетон бұйымдарын өндіреді

2020 жылғы 08 Қазан
- Ақтөбе облысы
4429 просмотров

Бизнес-идея «Еңбек» мемлекеттік ба,ғдарламасы аясында іске асырылды

43 жасар Аманғос Жайылханов жеке кәсіп жүргізуде армандаған. Төрт баланың әкесі арнайы мамандыққа оқымаған.

Алайда еңбекқорлық пен жұмысқа бейімділік мал шаруашылығы мен құрылыс саласында білікті болуға жол ашты. Биыл Аманғос Жайылханов кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқып алды.

«Бастау» жобасы туралы былтыр естігем. Барып, оқуға жазылдым. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты оқи алмадым. Биыл оқуға тиянақты көңіл бөліп, Палата бизнес-тренерінің ықпал етуімен жоба әзірлеп, оны комиссия алдында қорғап шықтым», – деді кәсіпкер.

   Бизнес-тренердің кеңесімен кәсіпті сүйікті іс, ермекке қарай баулу керек. Аманғос тура солай әрекет етті. Жоба ер азаматтың дағдыларына қалай әзірленді.

 «Айару» жеке кәсіпкерлігін тіркедім. Грант қаражатына бетон сақиналарын жасауға 4 қалып сатып алдым. Күніне 5-10 бетон сақинасын жасаймын. Тапсырысқа байланысты. Тапсырыс жеке тұлғалардан түседі. Жұмыспен қамту орталығы арқылы өзіме көмекші алдым», – деді «Бастау» түлегі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер