astana-view

ӘЛЕУМЕТТІК БИЗНЕС. МҮГЕДЕКТЕРГЕ ТЕГІН ЕМ

2020 жылғы 07 Қазан
- Маңғыстау облысы
14601 просмотров

Маңғыстау облысында әлеуметтік бизнес аясы кеңіп келеді. Мұнайлы ауданында алғаш рет тұз үңгірі кәсібін ашқан Жәмила Жалғасова болды.

Ол бұл кәсіпке тағдырдың жазуымен келді. Тумысынан демікпеге шалдыққан баласы 4 рет жансақтау бөлімшесінде, сосын комада жатты. Мемлекеттік қызметкер мамандығын тастап, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында «Бастау бизнес» жобасымен оқып шықты. Сөйтіп «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 3 млн тг қайтарымсыз қаражат ұтып алды.

"Бір күнде 10 адам келеді. 17-не жұмысымызды бастадық. Жұмыспен қамту орталығынан 4 адам алып, жұмыспен қамтыдым. Ең бастысы өпе, тыныс алу жолдарын тазартады. Тұз үңгірі тек санторийлерде болады. Үлкен қалаларда бар. Ақтауда 2-3 жерде кездеседі. Ал. Мұнайлы ауданыда, біздің ауылда біреу-ақ",- деді Жәмила Жалғасова.

Тұз үңгірі пандемиядан сақтануға таптырмайтын әдіс. Мұны түсінген ауыл халқы жақсы қабылдауда. Кәсіпкер мүгедектерді тегін емдейді. Осылайша әлеуметтік жағдайы осал топтарға қолдау көрсетіп келеді.    

Емделуші Ренат Жұбандық: "Мен жөтелетін едім. Осы жерге дәрігерлер жіберді. 3 күн болдыв келіп жатқаныма. Бір кіргенде 40 мин отырамын. Ойнаймын. Осы бөлменің тұзымен демаламыз"- деп түйіндеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер