astana-view

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

2020 жылғы 12 Қазан
- Маңғыстау облысы
1922 просмотров

Ертеңнен бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Аймақта коронавирус жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Қыркүйек айында бір де бір жағдай тіркелмеген болса, қазан айында соңғы 12 күнде 20 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. 13-ші қазаннан бастап тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 23.00-ден 21.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Спорт нысандары, фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының қызметіне де тыйым салынатын болды. Ал азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі. Мониторинг топ мүшелерінің айтуынша,ондаған адамды жинап, той жасаушылар қатары көбейген. Осы жағдайлар ескеріле келе,  28-ші тамыз күні шыққан соңғы қаулыға өзгерістер енгізілді, дейді облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев.

Бас санитардың айтуынша, тамақтану орындары сағат 21.00 шейін шектеліп, 30 орынға дейін рұқсат берілді. Мұның бәрі бүгінгі таңда осы қазан айының басындағы облыс көлемінде ковид 19 ауруының тіркелуіне байланысты. Бүгінгі таңда қыркүйектің бірінші онкүндігіндегі көрсеткіштің көбеюіне байланысты халықтың ортасында қарым-қатынасты тоқтату үшін осындай шешім қабылданып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер