astana-view

Кәсіпкерлер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан зертханаларға төлем жасалмағанына шағымдануда

2020 жылғы 12 Қазан
4032 просмотров

Медициналық зертханалар көрсетілген қызмет үшін қаражат ала алмайды

Бұл мәселе туралы Ұлттық палата алаңында «Қазақстан медициналық зертханалар қауымдастығы» ЗТБ бас менеджері Айман Сақтағанова айтты.

 Қаңтар айынан бастап «Олимп» КДЗ жатыр мойны қатерлі ісігіне скрининг жасау бойынша зерттеулер жүргізді, алайда жұмысқа бөлінген 130 млн теңгені зертхана ала алмай отыр.

 «Жүргізілген процедуралар туралы деректер төлемге енбеді, демек қор емхананың бұл шығындарын өтемейді, – деді Айман Сақтағанова. – біз жарты жыл бойы жұмыс істедік, одан кейін бізге Damumed жүйесінде техникалық олқылықтар жайында хабарлады. Шілде айында емханаларға есептік жүйеде дұрыс толтырылмаған деректерді түзеуге бір апта уақыт берді, бірақ оны жасауға үлгірмедік, енді емхана өз қаражатын қалай қайтару керектігін білмей отыр».

 Қағида бойынша емхана көрсетілген қызметті өз бюджетінен қарастыруы керек. Алайда емханалар Damumed жүйесіндегі қателіктерге сілтеп, төлеуден бас тартуда.

 «Зертханаардың тағы бір проблемасы егер скрининг толығымен аяқталмаса, олар көрсетілген қызмет үшін қаражат ала алмайды. Тәжірибем бойынша айтайын, көп әйел жатыр мойны қатер ісігіне тексеруді аяқтау үшін қайтып кемейді. Біз чек-листерді қайта қарауды ұсынамыз», – деді «Олимп» КДЗ» бас директоры Ерлан Сүлейменов.

 Сонымен қатар сәуір айынан бері  COVID-19-ға ПТР-зерттеулерге төлемдер жасалған жоқ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бізге қызметтер үшін төлемейді, біз зертханаларға төлем жасай алмай отырмыз. Сәуір айынан бастап адамдарды ПТР-тестілерге жібере бастады, әлі 7 млн теңгені ала алмадық. Біз бас санитарлық дәрігердің қаулысының топтар бойынша бірнеше рет өзгеруіне тап болдық, олар тестілерден өтуге мұқтаж. Осылайша қарыз жиналып қалды. Сондай-ақ кімнен анализдерді алу керек, деректердің реттілігін қалаймыз», деді «Салауатты Астана» ЖШС жетекшісі Лейла Ишбаева.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева егер індеттің екінші толқыны болса, онда осы мәселелерді тез арада шешіп, түсінікті бизнес-процестерді жазып шығу керек деп санайды.

 Ұйым деректері бойынша ПТР тестілер бойынша зертханалар алдындағы қарыз 1,5 млрд теңгеге жуықтап қалған.

 Өз кезегінде Медициналық сақтандыру қорының өкілі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімдеріне енгізілген түзетулер негізінде науқастардың санаттары: жұқпалы аурулар ауруханалары, провизорлық ауруханаларға жатқызылғандар, ЖРВИ-ді жұқтырған және COVID-19 жұқтырған, алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен үйде бақылаудан өткен жүкті әйелдер мен босанған әйелдер, протокол бойынша жаңа туған нәрестелер және гемодиализдегі адамдарға қаражат бөлініп төленгенін хабарлады.

 «Осы топтар үшін төлем жүргізілді. Скринингтер үшін цикл аяқталған айда төленеді. Демек, скрининг аяқталған айда төлем жүргізіледі», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арыстан Байгенжин.

Қордың өкілі Светлана Пономарева сәуір айында адамдардың кейбір санаттарына ПТР-тестілер жоспарланбағанын айтты, өйткені науқасты ауруханаға жоспарлы жатқызу тоқтатылды. Сондықтан қор тестілеуге кеткен шығынды мамыр айынан бастап төлейді.

 «Егер жекеменшік зертханалар қарыздың көлеміне қарай дайындала алмай, материалдарды сатып ала алмай қызметтерден бас тартып, көрсете алмаса, біз тестілерді өзіміз жүргізе аламыз ба? Қателік неден орын алғанын түсінейікші. Неге төлем жүргізілмеді, нормативтік база сәйкес келмей ме, басқа себептері бар ма? Төлемдер бойынша диагностика жүргізейік. Егер кінә қор немесе ұйымнан болса, онда нақты проблемалар бойынша қарайтын боламыз», – деп атап өтті  Юлия Якупбаева.

Бизнестің осы проблемалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирус таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 30 қыркүйекте талқыланды. Нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жеке зертханалар ұсынған ПТР-тестілер қызметтерін өтеу мәселелерін пысықтау бойынша тапсырма берді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер