astana-view

Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты заңнамаға енгізілген түзетулер қолдау таппады

2020 жылғы 13 Қазан
3907 просмотров

Өзін-өзі реттеуді дамыту және бизнес қызметінде, әсіресе халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы №15 қаулысы) жүзеге асыруда  ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген өзін-өзі реттеу туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді ҰКП Төралқасы жанындағы Өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі комитеттің мүшелері қолдамады:

 -өзін-өзі реттейтін ұйымдар жанында мемлекеттік бақылаудың жаңа жүйесі (өз мүшесіне заңды талаптардың сақталуы туралы аудиторлық қорытынды негізінде өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелерін тексерулерден, профилактикалық бақылау және қадағалаудан бір жылға босату);

 -өзін-өзі реттеудің жаңа принципі (адал бәсекелестік);

-ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың ережелері мен стандарттарын мемлекеттік органдамен мақұлдау қажеттілігі;

-міндетті мүшелікке негізделген бірыңғай өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері шығаратын тауар, жұмыс, қызметке шекті бағаларды бекіту;

- өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жауапкершілік түрлері;

- мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымға кепілдіктер беру.

Әр позиция бойынша Комитет мүшелері пікірлерін білдірді, бұл ескертпелер мен ұсыныстар жинақталып, жуық арада өзін-өзі реттеу мәселелер жөнідегі өкілетті органға (ҰЭМ)  жіберіледі.

 Жиынға экоаудит, бағалау қызметі, банкроттық басқарушылар, денсаулық сақтау, техникалық реттеу және қалдықтарды басқару салаларындағы өзін-өзі реттейні ұйымдар қатысты.

 Сондай-ақ жиын барысында Комитеттің ары қарайғы жұмысы мен аралық қорытындысы анықталды.

Анықтама үшін:

 Өзін-өзі реттеуге байланысты мәселелерді шешуде бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдармен өзара тиімді әрекеттесуі мақсатында ҚР ҰКП Төралқасы жанында Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитеті құрылды.

 Комитеттің міндеттеріне келесі мәселелер бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу жатады:

1) өзін-өзі реттеуді дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берудегі мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық көзқарастар;

2) кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

3) заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімдерді қажет ететін өзін-өзі реттеуді дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша басым мәселелерді анықтау;

4) Қазақстан Республикасында өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

5) халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шет елдермен ынтымақтастық шеңберінде экономикалық өзін-өзі басқару саласындағы тәжірибе алмасу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер