astana-view

Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінің жобасын сарапшылар 2014 жылғы шілдеге дейін даярлауға тиіс

2014 жылғы 21 Сәуір
7322 просмотров

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Мәскеуде ЕЭО кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс тобының 5-отырысы өтті.

Бұл отырыста үстіміздегі жылдың наурызында сарапшылық деңгейде келісімге қол жеткізілмеген мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ Кеден Одағының Кеден кодексіне түзетулер енгізетін халықаралық шарттардың жобалары пысықталды.

Сөйтіп, Жұмыс тобының мүшелері Ресей мен Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының алдын ала ақпарат беру  мақсаттарын өзгерту бойынша ұсынысын қолдады: мәліметтер алу, оларды талдау, Одақтың кеден  аумағына тауарлардың келіп жетуі немесе Одақтың кеден аумағынан тауарлардың әкетілуіне дейінгі кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де формаларын таңдау бойынша шешім қабылдау.

Сонымен қатар, сарапшыларға Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (Одақтың Кеден кодексі) жобасын даярлау барысында келесі мәселелерді пысықтау тапсырылды:

- Комиссияға алдын-ала ақпаратта берілетін мәліметтерді қысқарту бойынша құзырет беру туралы;

- ұлттық заңнамаға сәйкес алдын-ала ақпаратты бермегені үшін не болмаса беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұсынысы).

Қазақстандық тарап «Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды алып жүруде тыйымдар мен шектеулерді сақтау» 152 баптың 4-тармағын алып тастау бойынша келіспеушіліктерді жойды. Бұл норма Одақтың кедендік  аумағына әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданған тауарларды тез арада алып кету мүмкін болмаған жағдайда, оларды ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Жұмыс тобының мүшелері сарапшылардың кеден құжаттары толтырылатын тілді, және де алдын-ала ақпарат берілетін тілді анықтау бойынша даярланған түзетулерін қолдады, яғни ол бойынша – орыс және Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілі.

Кеден баждары, салықтарының мөлшерлемелерін орнататын (ұлғайтатын) актілер, кеден баждары, салықтарын төлеу бойынша жеңілдіктер беру шарттарын өзгертетін немесе осындай тауарларға қатысты осындай жеңілдіктерді болдырмайтын актілер жарияланса, бірақ күшіне енбесе, тауарларға қатысты алдын-ала кедендік декларациялауды қолданбау туралы Беларусь Республикасының ұсынысы бойынша даярланған Одақтың КК жобасының нормаларын талқылау қорытындылары бойынша жұмыс тобының мүшелері (мемлекеттік органдардан) осындай актілер жарияланып, күшіне енбеген жағдайда кеден декларациясын тіркеуден бас тартуды шығару туралы шешім қабылдады.

Қазақстандық тарап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесіне  Комиссияға тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту бойынша шараларды қолдану құзыретін беру бойынша келіспеушіліктер шығарылды, Ресейден, Беларусьтен, беларусь-қазақстан-ресейлік бизнес-сұхбаттан Жұмыс тобының мүшелері Комиссияға осындай құзырет беруді жақтады.

Жұмыс тобы жазбаша кеден декларациясын кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде техникалық іркіліс болған жағдайда оның электронды көшірмесін бермей-ақ, кейін беруге келісіп, тіркеу мүмкіндігін қарастыратын ұсынысқа тұжырымдамалы түрде қолдау көрсетті.

Бір мүше мемлекеттің кеден органы басқа мүше мемлекеттердің кеден органдары тіркеген қамсыздандыру сертификатын мойындау туралы мәселені қарастыру қорытындылары бойынша, сонымен қатар осы мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген кеден баждарын, салықтарын (соның ішінде, сақтандыру шартын)  төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері негіздемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдеріне оларды бұдан арғы талқылау үшін нақты ұсыныстар беру тапсырылды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясының ұлттық заңнамамен орнатылған мөлшерлемелер бойынша өзге кеден процедурасына тауарларын орналастырған кезде кеден бажының сомаларынан пайыздар орнату және төлету қажеттігі туралы ұсынысты қолдады. Қазақстан Республикасының бизнес-қауымдастығының өкілдері пайыздарды орнату және төлетуге қарсы ұстанымдарын айтты.

Қазақстан Республикасы ұсынған ұстанымға орай, ЕЭК Кеңесіне Кеден Одағының Кеден Кодексіне түзетулер енгізетін жекелеген халықаралық шарттар бойынша бұдан арғы жұмыстың мақсатқа сәйкессіздігі туралы мәселе шығарылады:

- Кеден Одағының кеден аумағында белгілі бір тауарлардың санаттарын өңдеумен байланысты мәселелерді реттеуге бағытталған 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы;

- Кеден одағының кеден шекарасы арқылы электр беру желілірі және құбыр көлігі бойынша тауарлар алып өту мәселелерін реттеуге бағытталған 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасы (Одақтың Кеден кодексіне кодификациялау ұсынылды).

Отырыста Жұмыс тобының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша басшысы  – Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден ынтымақтастығы жөніндегі Алқасының мүшесі Гошин В.А. Одақтың Кеден кодексінің жобасын сарапшылар 2014 жылғы шілде айына қарай даярлауы керектігін айтты.

Жұмыс тобының келесі отырысы үстіміздегі жылдың 19 мамырында өтеді.

Одақтың Кеден кодексін даярлау бойынша Сараптау тобының 6-отырысында «Кеден бақылауы» бөлімін, еркін қойманың кедендік процедурасын, еркін кеден аймағының кеден процедурасын, арнайы кеден процедураларын қарастыру жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер