astana-view

Тимур Құлыбаев: цифрландыру мен реинжиниринг жеке ІТ-секторының дамуына серпін беруі тиіс

2020 жылғы 16 Қазан
4787 просмотров

ІТ саласындағы түйткілді мәселелердің кең ауқымы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мұсинмен өткен кездесуі барысында талқыланды.

Іс-шараға Палатаның Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетінің өкілдері, нарыққа қатысушылар, салалық жоғары оқу орындары және қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Бағдат Мұсин «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттары: ақпарттық құрылым және қауіпсіздік, әлеуметтік қатынастар, азаматтардың қауіпсіздігі, GovTech, Industry 4:0, Smart city, AgriTech, FinTech, жасанды интеллект, инновациялық экожүйе туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

«Басымдыққа ие бағыттар аясында, атап айтқанда, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын дайындау барысында біз «Атамекен» Ұлттық палатасымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Нарықтың қатысуымен бағдарламаға жаңа бағыттар қосылды. Қазіргі кезде біз «Зерде» холдингінің базасында реинжиниринг базасын құру бойынша шешім қабылдадық. Бұл мәселе Мемлекет басшысымен мақұлданған. Бізге қандай процестерді автоматтандыру қажеттігін саралап алған жөн. ҰКП-ға нарық атынан осы процестерге белсенді қатысуын ұсынғым келеді, өйткені көптеген процестер мен функциялар цифрландыруды қажет етеді», – деп атап өтті министр.

ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік сектордағы бизнес-процестерге ретинжиниринг жасауда ҰКП-ның ықпалдасуға дайындығын білдірді.

«Цифрландыру бұл құрал, қолданыстағы процестердің «айнасы». Сондықтан реинжинирингпен айналысу, яғни бизнес-процестерді түзеу өте маңызды: ІТ-жүйелер қарапайым принцип бойынша құрылымдалуы керек. Жеке тұлғаларға арналған бірыңғай база және заңды тұлғаларға арналған бірыңғай база. Түрлі шашыраңқы базалар болмауы керектігімен келісеміз. Мәселен, кәсіпкерлікке арналған барлық бизнес-процестерді интеграциялау бойынша бастаманы «Бизнеске арналған үкімет» асяныда бастап кеттік. Біз аталған жобаны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және бизнестің өзімен жалғастыруға дайынбыз. Біз «Атамекен» ретінде заң тұрғысында барлық реттеуші базаны жүйелеуге көмектесеміз. Бизнес-процестерді барынша оңайлату керек:  салыстыру үшін егер орта және ірі бизнес қазіргі салықтық реттеуді деңгейіне төтеп бере алса, ал жеке кәсіпкерлер немесе шағын шаруа қожалықтарға түрлі төлемдерді жасап күрделі есептер өткізу қиын. Реинжиниринг бизнеске пайда әкелуі керек», – деді ҰКП басшысы.  

Жұмыс кездесуде қатысушылар осы саладағы кадрларды даярлау мәселелеріне тоқталды. ҰКП басшысы мен министр IT-мамандарды даярлау жүйесін реформалау қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

 «ІТ-мамандығы бойынша түлектердің шамамен 10-20 пайызы    нарық талабына сай келмейді деуіңіз орынды. Мұндай ситуация, өкінішке қарай, түрлі салада бар. Біз «Атамекен» тарапынан білім берудің дуальді формасын ұсынамыз. Салалық факультеттер мен колледждерді қарамағына алатын кәсіпкерлерге ынталандыру шараларын енгізу мәселелесін қарастырып жатырмыз. Колледждерге жұмсалатын қаржыландырудың бір бөлігін білім беру процесіне жұмылатын бизнестің шығындарын өтеуге бағыттауды ұсынамыз. Студен оқуды бітіріп, әлеуетті жұмыс орнына ие болып, ал жұмыс беруші түлекті өзінің сұранысына қарай бейімдеп алуы үшін бизнесті оқу процесіне белсенді тарту керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 

«Қазіргі сұраныс  бағдарламалау немесе киберқауіпсіздік бойынша емес. ІТ-мамандары үшін салалық мамадану керек, медицина, білім беру саласына цифрландыру бойынша сарапшылар керек, яғни салалық ерекшілікті ажырататын адамдар қажет. Олар бизнес-процестерді түсінетін болады», – деп ұсынды Ұлттық палата басшысы.

Жұмыс кездесуде салалық министрліктің өкілдері отандық ІТ-компаниялардың тізілімін қалыптастыру және квазимемлекеттік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына басымдық беру арқылы ақпараттық-технологиялық коммуникациялар нарығын қолдау, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларды ІТ секторын дамыту міндеттемелері бойынша  көзқарастырымен бөлісті. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың Yellow Pages принциптерін сақтамауы мәселесі айтылды, ондағы еншілес компаниялар жеке компанияларды ығыстырып, дамуға мүмкіндік бермейді.

ҰКП Төралқа Төрағасы жиынды қорытындылай келе ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне нәтижелі өткен жұмыс кездесу үшін алғыс білдіріп, бизнес процестерге белсенді қатысуға шақырды.

«Бүгін талқыланған мәселелер бірлескен жол картаның негізіне алынады. ҰКП алаңында реинжиниринг, мемлекеттік ба,ғдарламалары іске асыру мәселелерін қоса алғанда барлық мәселелерді шешуге бизнесті тартуға дайынбыз. Стратегиялық тұрғыда қараған маңызды, аталған секторды қаржылай қолдау шараларын әзірлеп, ІТ-компанияларын «Қарапайым заттар экономикасы» сынды құралдарға белсенді тарту қажет. Кешенді шараларды қолға алу арқылы ІТ-қызметтер мен өнімдердің жан басына шаққандағы құнын 30 АҚШ долларынан Беларусь пен Украинадағы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, бұл елдердегі көрсеткіш әлде қайда жоғары», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер