astana-view

Шағын және орта бизнестің төлемдерін қайта қаржыландыру және кейінге шегеру бойынша 120 млрд теңге сомасына 13 мыңнан астам өтінім мақұлданды

2020 жылғы 16 Қазан
5430 просмотров

Ағымдамғы жылдың 28 қыркүйектегі жағдай бойынша несие ұйымдарына шағын және орта кәсіпркерліктің 4 642 субъектісі жүгінген

 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 13 445 өтінім берген, соның ішінде:

  • мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікті шаралар бойынша қайта қаржыландыруға 3 343 өтінім (22%), соның ішінде қайта қаржыландырудың 3,629 процедурасы 86,6 млрд теңгеге мақұлданды (қайта қаржыландыруға өтінімдердің 94%ы);
  • несиелер бойынша төлемдерді шегере тұруға 11 909 өтінім (78%), соның ішінде банк займы бойынша 10 783 өтінім (төлемді шегеруге өтінімдердің 94%ы) 86,6 млрд теңге сомаға мақұлданды.

Еске салсақ, аталған қолдауды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша шаралары туралы» 2020 жылғы 15 маусымдағы №251 бұйрығы аясында көрсетті.

Шектеу шараларын енгізу салдарынан шығынданған несие және микронесие бойынша қарыз алушылар қосымша құжаттарсыз өтінім беру негізінде несие бойынша төлемді кейінге шегеруді ала алды.  

Несие ұйымдары ҚР Бас санитарлық дәрігердің «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдеді №44 қаулысына сәйкес енігізілген шектеу шараларына нәтижесінде қызметтеріне шектелген, тыйым салынған немесе тоқтаған қарыз алушылардан несиелерді қайта қаржыландыру немесе төлемдерді кейінге шегеру бойынша өтінімдерін 2 жұмыс күн ішінде қарауға міндеттелді.

 Аталған қолдау шаралары келесі қызмет түрлерінің кәсіпорындарына көрсетілді: жабық нысандағы базарлар,қалааралық автобустар, қала маңы жолайшылар пйыздары, автовокзалдар, орналастыруды ұымдастыру бойынша қызметтер, ойын-сауық орындары (кинотеатрлар, фудкорттар, банкет залдары), білім беру ұйымдары, мәдени нысандар, мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтары, косметологиялық қызмет көрсету бойынша салондар және т.б.

 Кәсіпкерлерге төлемдерді шегеру мақұлданған жағдайында алдағы төленбеген төлемдерді қайта бөлу түрінде төлемдердің жаңа кестесі қарыздың (негізгі қарыз және есептелген, бірақ төленбеген сыйақы) аяғына дейін немесе қарыз мерзімін кейінге шегеру кезеңіне ұлғайтылды (тағайындалға сыйақыны есепке алғанда).  

 Қарыз берушілердің өтінім берген күніне қарамастан несиелік ұйымдар егер қарыз алушының өтінішінде басқа мерзім көрсетілмеген болса немесе несиелік ұйымның шешімінде бұдан да ұзақ мерзім көрсетілмеген болса банктік қарыз және (немесе) микрокредиттік келісімшарттар бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге ұсынды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер