astana-view

Ведомствоаралық комиссия: сенбі күндері сауда оратылқтары мен базарлар жұмысы жаңартылады, кинотеатрлар санитарлық режимді сақтаумен жұмыс істейді

2020 жылғы 19 Қазан
4227 просмотров

Қазақстанда биылғы 18 қазандағы жағдай бойынша коронавирусты жұқтырған 102 адам тіркелді (өсу қарқыны – 0,09%), жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 16%-ы пайдаланылуда. 2020 жылғы 14-18 қазан аралығындағы репродуктивтілік көрсеткіші 1,03%-дан 0,96%-ға дейін төмендеді. Соңғы 3 аптада елімізде 17 мыңға жуық рейд жүргізіліп, 7 мыңнан астам карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің сайты хабарлады.

 Ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады:

 І. Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту:

- 2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;

-Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;

-шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу.

 2. ПТР-тестілеу:

- 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. 

3. Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, «жасыл» тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандыру:

- 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды.

-Биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

4. Шектеу шараларын сақтау:

- Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады.

Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер