astana-view

Экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілерінің несиелерін 6%-ға дейін субсидиялау

2020 жылғы 21 Қазан
12314 просмотров

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Үкіметке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік және «Атамекен» ҰКП-мен біресіп, экономиканың зардап шекке салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барлық несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен (16 наурыздан) бастап 12 ай кезеңіне субсидиялауды қарастыруды тапсырды

Осыған байланысты ҚР Үкіметі жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес субсидиялар беру бойынша 2020 жылғы 20 қазандағы №679 қаулыны бекітті.

Назар аударыңыздар!

 Қаулыға сәйкес (2020 жылғы 20 қазандағы №679) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылдың 30 қазанына дейін екінші деңгейлі банктерге барып,  субсидия алуға өтінім беру қажет.

 Барлық сұрақтармен екінші деңгейлі банктер және қызмет көрсету орны бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционарлік қоғамына жүгіну керек.

 Субсидиялау шарттары:

  • Субсидиялау мерзімі 12 ай (2020 жылыдң 16 наурызынан 2021 жылдың 15 наурызына дейін);
  • Кәсіпкерге берілетін түпкі сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
  • Мақсатты топ – салқтық жеңілдіктер алған экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілері. Барлығы –  29 қызмет түрі (қосымша);
  • Субсидиялауға екінші деңгейлі банктерден 2020 жылдың 31 тамызына дейін несиелер жатады. Осы ретте несиелер бойынша ескіру мерзімі ескерілмейді.

2020 жылғы 16 наурызда негізгі борыш және / немесе есептелген сыйақы бойынша 180 күннен асатын мерзімде мерзімі өткен берешегі бар несиелер субсидиялауға жатпайды;

  • Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап 31 тамызына дейінгі несиелер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемі шектелмеген; 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 15 наурызына дейін мөлшерлеме 18%-дан аспауы тиіс, осы ретте мөлшерлеме 18%-дан жоғары болса, осы кезеңге номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18% дейін төмендеуімен қайта құрылымдауға жатады.

  

 Қосымша

Экономиканың зардап шеккен салаларының тізімі

ЭҚЖЖ

Қызмет түрі

 

45.11.2

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда нүктелеріндегі автомобиль және жеңіл көлік құралдарының бөлшек саудасы

 

45.11.3

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден асатын сауда нүктелеріндегі автомобиль және жеңіл көлік құралдарының бөлшек саудасы

 

45.20

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

 

45.32.1

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден (2000 ш.м-ден төмен) аспайтын сауда нысандарында автомобиль бөлшектері, түйіндер және қосалқы бөлшектерді бөлшек саудасы

 

45.32.2

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден (2000 ш.м-ден жоғары) асатын сауда нысандарында автомобиль бөлшектері, түйіндер және қосалқы бөлшектерді бөлшек саудасы

 

47

Атомобиль және мотоциклдерден басқа бөлшек сауда (дәріханалар әжен азық-түлік, сусындар және темекі өнімдерін бөлшек сатуды қоспағанда)

 

49.4

Жүк көлігі қызметі қызметі және тасымалдау қызметтерді ұсыну

 

51.10

Әуе жоллаушыларкөлігі қызметі

 

52.23.2

Әуежайлар қызметі

 

55.10

Қонақ үйлер және оған ұқсас орындардың орналастыру бойынша  қызметтер көрсетуі

 

56.10

Мейрамханалар қызметі және азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша қызмет көрсету

 

58.2

Бағдарламалық жасақтама әзірлеу

 

59.14

Кинофильмдер көрсету бойынша қызмет

 

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

 

68.20

Жеке және жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (бөлшек сауда желілері және стационарлық сауда орындары, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару, жалға коммерциялық үй-жайлар беру (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда нүктелері), дәріханалар мен тамақ, сусындар мен темекі өнімдерінің бөлшек саудасын қоспағанда)

 

69.10

Құқық қорғау саласындағы қызмет (заң кеңесшілері, жеке практикамен айналысатын адамдар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, оның ішінде өздері үшін туындаған міндеттемелер бойынша қызметкерлер болмаған кезде)

 

70.22

Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша кеңес беру және басқа басқарушылық кеңес беру

 

71.20.1

Санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметі

 

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлар

 

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке мектептер (бастауышқа дейінгі) білім беру)

 

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерден басқа жекеменшік мектептер)

 

85.30

Орта білім беру (халықаралық мектептерден басқа жекеменшік мектептер)

 

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұймдар)

 

86.10.3

Санаторий-шипажай ұйымдарының қызметі

 

86.2

Дәрігерлік практика және стаматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар)

 

90.04

Концерт және театр залдары қызметі

 

93.13

Фитнес-клубтар қызметі

 

96.01

Тоқыма және тері өнімдерін жуу және химиялық тазарту

 

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер