astana-view

Үкiмет аграрлық саладағы инвестжобалар шығындарын субсидиялау ережесiн қабылдайды

2014 жылғы 22 Сәуір
3707 просмотров

ҚР Үкiметi 1 мамырға дейiн аграрлық салада инвестициялық жобаларды iске асыру барысындағы шығындарды субсидиялау ережелерiн қабылдамақ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«14 сәуiрде үкiмет қаржылай сауықтыру бойынша шығындарды субсидиялау ережелерiн қабылдады. I жартыжылдықта агроөнеркәсiптiк кешендi одан ары қаржылай сауықтыру үшiн банк қорлары бойынша 140 млрд теңгенiң шығындары iске асырылады деп күтiлуде», - дедi Мамытбеков. 

Өз сөзiнде ол инвестициялық субсидиялау желiсiне тоқталды. 

«1 мамырға дейiн үкiмет шығындарды субсидиялау ережелерiн қабылдауы тиiс. Бұл бұған дейiн қолданылмаған жаңа механизм, әрi оның нарықтағы қажеттiлiгi жоғары. Ол инвестициялық жобаны iске асыру барысында кәсiпкердiң шығыны өтеуді көздейді. Өз ресурстары есебiнен iске асырылған инвестициялардың бiр бөлiгi кәсiпкерлерге мемлекет бюджетінен қайтарылады. Бұл тауардың өзiндiк құнын төмендетiп, бәсекелестiктi арттыруға және қайтарым мерзiмiн арттыруға, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi», - деп толықтырды ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер