astana-view

Әлеуметтік аз қамтылған топтағы 132 мың азамат дәрі қобдишаларын алады

2020 жылғы 06 Қараша
5247 просмотров

Осы жылдың жаз айларында Ұлттық палата COVID-19 індетіне шалдыққандарға тегін дәрі қобдишаларын жинақтау бойынша ұсыныс енгізді

 ҚР Үкіметі  аталған ұсынысты атаулы әлеуметтік төлем алушыларды тегін дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныш заттармен қамтамасыз етуде қолдануды мақұлдады.

 Бүгінде Ұлттық палатаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «дәріхананың» келесі құрамымен сұратым келіп түсті:

 1. Цифрлық термометр – 1дана;

2. Үш қабатты бірреттік медициналық маска – 50 дана;

3. Қолға арналған антисептик– 2 шөлмек;

4. Ибупрофен 500 мг –  20 таблетка;

5. Парацетамол 500 мг – 20 таблетка;

6. Аскорбин қышқылы 500 мг – 40 таблетка;

7. Мукалтин 50 мг – 20 таблетка.

Ведомство отандық өндірушілермен аталған тауарларды қажетті көлемде өндіру мүмкіндігін келісуді сұрады.  Осыған байланысты Ұлттық палата дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды отандық өндірушілермен дәріхана қобдишаларына өнімдерді дайындау бойынша жұмысты бастады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер