astana-view

Айтуар Қошмамбетов Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

2020 жылғы 09 Қараша
- Алматы қаласы
7974 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары қызметін атқарған.

Айтуар Қошмамбетов Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының басым бағыттары туралы айтты. Бұл, ең алдымен, бизнеске пандемия зардаптарын жеңуге көмек көрсету. Бұл жеңілдікті кредиттеу, салық және жалдау төлемдері бойынша кейінге қалдыру.

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, жұмыстың тағы бір маңызды бағыты қазақстандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде көмек көрсету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.

«Кәсіпкерлер палатасының таяу уақыттағы басымдықтарын атап өткім келеді. Бүгін біз өткір мәселелерді шешуді жалғастырудамыз: мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен кредит беру, бизнестің қалыптасқан шығындарын субсидиялау, салықтық әкімшілендіру және т.б. Біз ТЖ және карантин кезеңінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының тізбесін кеңейту мәселесін бірнеше рет көтердік. Қызметін әлі қайта бастамаған бизнестің жекелеген түрлері ол жерге кірмеген. ҰКП-ның бұл мәселедегі ұстанымы-бүгінде 29 саладан тұратын тізімді кеңейту керек», - деп атап өтті ол.

Ұзақ мерзімді дамуда цифрландыру мен бизнес-процестерді автоматтандыруды енгізу қажет. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысына, барлық бастамаларында табыс тіледі.

Анықтамалық ақпарат:
Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы 1986 жылы 29 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген.
2008 ж Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы және 2012-2014 жж Экономика және құқық академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. 
2009-2010 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасында прокурордың аға көмекшісі лауазымында жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі болды.
2013-2015 жылдары Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары «ASIA INVEST LTD» ЖШС көпсалалы холдингінде жұмыс істеді.
2018 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2020 жылдың қазан айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде директорлар кеңесінің мүшесі.
Алматы қаласы әкімінің, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған, ҚР Әділет министрлігінің төсбелгісі бар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер