astana-view

«Ұлы дала Елі» ортақ брендін қолдану құқығын беру байқауына онлайн-дауыс беру басталды

2020 жылғы 10 Қараша
4068 просмотров

Қазақстандықтар үздік экспорттаушы-кәсіпорын атағына үміткерді таңдай алады

Дауыс беру ulydalaeli.kz сайтында 20 қарашаға дейін жүргізілуде. Дауыс беру үшін электронды поштаны жазып, кәсіпорынды таңдап, дауыс беру қажет.

 Дауыс беру нәтижесі 2020 жылдың желтоқсанында жарияланады. «Ұлы дала Елі» эмблемасы Қазақстанның халықаралық аренада имиджі мен танымалдығын арттыруға бағытталған. Дауыс беруге 5 отандық компания ұсынылған:

 - «СОЛО ЛЛП», Алматы қаласы (радиациялық бақылау, құрылғы жасау саласында жабдық өндіру);

-«Kaz-Ir Agro» ЖШС, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік ауылы («SAFLORIA» софлор майын салқын жолмен сығу арқылы өндіру);

- «Iron Concentrate Company» ЖШС, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы (темір концентратын өндіру);

-«AlmaGreenFienlds» ЖШС, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тауқаратұрық ауылы (жоғары интенсивті алма бақтарын өсіру);

- «Kaz Organic Product» ЖШС, Алматы облысы, Қапшағай қаласы (толық циклды өнеркәсіптік балық фермасы, аквамәдениет).

 Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентімен жарияланған «Ұлы дала елі» тұжырымдамасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау тапты. Осыған байланысты экспорттаушылар арасында «Ұлы дала елі» ортақ брендін қолдану құқығын беру байқауы бес жыл қатарынан ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (қызметтерді) өндірумен айналысатын және өнімдерді экспорттайтын заңды тұлғалар қатысады.

 2016 жылдың жеңімпаздары:

  • «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (трансформаторлар өндірісі) Түркістан облысы;
  • «Қайнар-АКБ» ЖШС (аккумуляторлар өндірісі) Алматы облысы;
  •  «Рахат» АҚ (кондитерлік өнмідері) Алматы қаласы.

2017 жылдың жеңімпаздары: 

  • «MKS Logistics» ЖШС (көлік-логистикалық қызметтер) Маңғыстау облысы;
  • «Казфосфат» ЖШС (химиялық өнім өндірісі) Жамбыл облысы;
  • «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС (ұн және макарон өнімдерін өндіру), Ақтөбе облысы.

2018 жылдың жеңімпаздары:

  •  «ПИК «ASTANA Ютария ltd» ЖШС (текстиль жіне тоқыма өндірісі)  Нұр-Сұлтан қаласы;
  • «КНАУФ ГИПС КАПШАҒАЙ» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру) Алматы облысы;
  • «Орал трансформатор зауыты» (трансформатор және электр жабдықтарын өндіру) Батыс Қазақстан облысы;
  • «МИЛХ» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру) Қостанай облысы.

2019 жылдың жеңімпаздары:

  • «Торговый дом «GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС (фермаларда ұсталатын жануарларға дайын жем-шөп өндірісі) Жамбыл облысы;
  • «Премиум Ойл Транс» ЖШС (мұнай және газ секторныда көлік қызметі) Нұр-Сұлтан қаласы;
  •  «Абай Дәулет» ЖШС (күріш өндіру)  Қызылорда облысы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер