astana-view

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің 4,7 млрд теңгеге мүліктік құқығын қорғады

2020 жылғы 11 Қараша
- Алматы қаласы
4114 просмотров

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында осы жылдың 10 айындағы есеп беру барысында хабарлады

 Спикер өзінің баяндамасын мегаполис экономикасының статистикалық деректерінен бастады.

 «2020 жылдың  қазанындағы жағдай бойынша жұмыс істеп жатқан ШОК субъектілерінің саны 196 мыңды немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарай 104,4%-ды құраған. 2020 жылдың қаңтар-маусымында 2019 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда ШОК өнімінің көлемі 2,2 пайызға немесе 3,5 трлн теңгеге төмендеген», – деді ол.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, төтенше жағдай мен карантинге қарамастан Алматы қаласында сәуір айынан бастап қарыкүйек айына дейін жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар саны өскен – тағы 5 081 (жеке кәсіпкерлер – 879, заңды тұлғалар – 4 202) бірлікті құраған. Талдау кәсіпорындар саны «Бастау Бизнес» жобасының есебінен өскен, биыл осы жоба арқылы 2 600 адам оқуға қатысқанын көрсеткен. Сонымен қатар  бұл жайт бизнестің көлеңкеден шығуымен де байланысты – кәсіпкерлердің қала бойынша жүріп-тұруы және және жұмыс істеуі үшін ресми тіркеу талап етілді. Осы мақсатта infoalmaty.kz платформасы құрылды, ал кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі платформада рұқсат беру уақытымен сәйкес.

 «Палата жұмысында маңызды бағыт – отандық бизнесті қолдау. Бұл ретте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын атап өткен жөн. Ұлттық палата алаңында басымдыққа ие жобалар үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының жұмысын бақылау мақсатында Жобалық кеңсе құрылды – деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов. – Қазан айының соңына қарай 47,9 млрд теңгеге 15 жоба мақұлданды, 62,5 млрд теңгеге 50  жоба қаржыландырылды».

 Ол сонымен қатар жұмыстың маңызды бағыты – қазақстандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде көмек туралы айтты.

 «Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссия шеңберінде 8 ауданда мобильді топ құрылды. Олар тікелей нысандарға барып, құрылыс пен жөндеу кезінде қазақстандық материалдар мен тауарларды пайдалану фактісін тексереді. Бұл топтардың құрамына Алматы ӨКП қызметкерлері кіреді. Мәселен, «Жасөспірімдерді бейімдеу орталығы» нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Дамир К-Инжиниринг» ЖШС жүргізді. Ресейде өндірілген радиаторлар 2,5 млн теңгеге сатып алынды. Осы ретте мердігер радиторлардың өндірушісі деп «Склад ОВ» ЖШС сертификатын көрсеткен. Бұдан бөлек, мердігер сыр-бояулар, кафельді шетелдік компаниядан сатып алған», – деді Айтуар Қошмамбетов.

 Спикердің ақпараты бойынша Өңірлік палата бизнеске қаржылай қолдау – оқыту, кеңес беру, қызмет көрсеткен. Осы жылдың он айы ішінде 4 325  офлайн қызмет, 572 онлайн қызмет көрсетілген.

 «Ең сұранысты қызмет – бизнес-жоспар құру. Осы жылдың ішінде кеңесшілеріміз 2,3 млрд теңгеге 218 бизнес-жоспар жазған. Соның ішінде екінші деңгей банктер 950 млн теңгеге 78 жобаны мақұлдаған», – деді ӨКП директоры.

 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Алматы қаласында биыл 2600 адам оқуға қатысып, 1 705 адам грант алды, 2020 жылғы 1 334 түлек кәсіп ашты.

 ӨКП қызметінде маңызды бағыт – кәсіпкерлер құқығын қорғау.

 «2020 жылдың 10 айы ішінде Палатаға бизнесті қорғау бойынша 207 өтінім келіп түсті, соның ішінде 172 оң шешілді. Кәсіпкерлердің 4,7 млрд теңгеге мүліктік құқықтары қорғалды. Есептік кезең ішінде жергілікті атқарушы органдардың 51 заңнамалық актілері мен жобаларына сараптама жүргізілді. Сонымен бірге, 41 тұжырым ескертусіз және 8 қорытынды ескертулермен шығарылды, бұл жалпы санның 15,6%-ын құрайды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрт отырысы өткізілді, онда 10 мәселе қаралды, бүгінде 5 мәселе оң шешімін тапты», – деді директор.

 Бұдан бөлек Алматы қаласы ӨКП кәсіпорындар жанынан оқу орталығын ашуға көмектеседі. Бүгінде орталықтар саны 96 бірлік, ЖОО, колледждер мен мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытылады. Дуальді білім берумен 29 колледж, 215 кәсіпорын қамтылған.

 «Алматыда «Атамекен» қолдау орталығы» жұмыспен қамтудың 12 орталығы жұмыс істейді, олар 10 ай ішінде 68,5 мың қызмет көрсеткен», – деді Айтуар Қошмамбетов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер