astana-view

Өңірлік палатада қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

2020 жылғы 25 Қараша
- Жамбыл облысы
4890 просмотров

Палата алаңында Жамбыл облысының мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялары мен кәсіпорындарының сатып алуларындағы жергілікті қамтуды мониторингілеу жөніндегі комиссияның кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алулардағы, жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу және квазимемлекеттік сектордағы қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар талқыланды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев мемлекеттік органның кәсіпкер алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін орындамауы туралы мәселені көтерді.

Бұған дейін «Голден Гарант» ЖШС басшысы Нұрлан Есенаманов Шу аудандық орталық ауруханасының мемлекеттік сатып алу туралы 2020 жылғы 6 ақпандағы №79, 80 келісімшартына қатысты міндеттемелерін орындау мәселесін шешуге көмек көрсету бойынша кәсіпкерлер палатасына жүгінген болатын.

Компания мотор майларын жеткізу бойынша келісімшарт бойынша барлық міндеттемелерін орындады. Тараптар арасында қабылдау-тапсыру актілері бар, алайда тапсырыс беруші – Шу аудандық ауруханасы 279 840 теңге төлеу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған. Сондай-ақ, Палата тапсырыс берушіге 2020 жылғы 17 қарашаға дейін төлем мерзімін ұсына отырып, сотқа дейінгі шағым жіберді, бірақ төлем жүргізілген жоқ.

Шу аудандық ауруханасының бас дәрігері Жайдар Айтишев ZOOM платформасы арқылы қосылып, шарттық міндеттемелердің мерзімінде орындалмау себебін түсіндірді.

«Қаражатты кешіктіргеніміз үшін кешірім сұраймыз, мен бұл қызметке жақында кірдім, осы мәселе бойынша жеткізуші алдындағы міндеттемелерді бүгіннен кешіктірмей орындаймыз» - деп уәде берді Жайдар Айтишев.

(PS: Нәтижесінде тапсырыс беруші төлемді сол күні жасады).

Комиссия отырысына Кәсіпкерлер палатасынан бөлек, облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

«Жобалық кеңсенің тапсырмасы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит комитеті техникалық сипаттамалар нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға аудит жүргізеді. Каз ИнСт 154 техникалық сипаттама тексерісін жүргізді, оның 76-нан бұзушылық жағдайлары анықталды. Мемлекеттік аудит комитеті анықталған бұзушылықтарды, оның ішінде Жамбыл облысындағы жағдайды растады.

Жамбыл облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелері мен облыстық көпсалалы балалар ауруханасында анықталған жағдайларды растады. Техникалық сипаттамаларды өз бетінше бақылау мақсатында комиссияның құрамына Жамбыл облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысын қосуды ұсынамыз" - деді ӨКП директоры.

Отандық бизнес үшін келесі маңызды мәселе – кәсіпорындарды СТ-KZ сертификаттарымен қамтамасыз ету.

"Бүгінгі таңда 125 отандық тауар өндірушілер компанияларының 101-і СТ-KZ сертификатын ресімдеді, қалған 24 кәсіпорынның 6-ауы өндіруші емес, 11-нен сертификатты ресімдеуден жазбаша бас тарту алды, қалған 7 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бұл жерде біз тиісті аудандардың әкімдерінен осы мәселелерді бақылауға алуларын сұраймыз.

Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттаманы Құрылыс басқармасының сайтына жүктеуге қатысты. Бүгінгі таңда Палата құрған «kasipzhardem.kz» сайтына құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған 545 жобалық-сметалық құжаттама және жұмыспен қамтудың жол картасы орналастырылған,, алайда бұл құжаттар әлі күнге дейін жергілікті атқарушы органдарының ресми сайтына жүктелмеген. Бұл тапсырма вице-министр Р.В. Склярдың төрағалығымен өткен Жобалық кеңестің отырысында айтылды.

Кеңесте Құрылыс басқармасына ЖҚЖК және құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын ресми интернет-ресурсқа жүктеу тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер