astana-view

Барлығына арналған Бизнес

2020 жылғы 30 Қараша
- Ақтөбе облысы
5707 просмотров

Ақтөбеде Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнесмендермен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруде. Бүгін "Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ мүшелері үшін кездесу ұйымдастырылды. Семинар тыңдаушылары жұмыс жасап жатқан кәсіпкерден, Өңірлік кеңес төрағасы Асхат Айтжановтан және "Атамекен" ӨКП бизнес-тренерлерінен консультациялық және ақпараттық қолдау, сондай-ақ өздері иелене алатын бизнес-тауашаны анықтауға көмек алуда.

 

"Сонымен қатар, біз оларға туындаған нақты мәселелерді шешуге көмек көрсете отырып, жобаларды сүйемелдеуге дайынбыз. Біздің басты міндетіміз - мүмкіндігі шектеулі адамдарға мүгедектіктің бизнесте өзін - өзі іске асырудан бас тартуға себеп емес екендігін дәлелдеу. Еңбекке қабілетті мүгедектерді кәсіпкерлік қызметке барынша тарту мақсатында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының құралдары гранттар бөлуді және микрокредиттер беруді көздейді. Кәсіпкерлер Палатасы мүгедек адамдардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды үйретуге және олардың бизнесін, идеядан бастап іске асырылғанға дейін, жүзеге асырылуына ықпал етуге дайын. Біз бизнес-мектеп аясында қысқа мерзімді оқыту курстарын, сондай - ақ бүгінгі күні танымал "Бастау" айлық оқыту жобасын ұсынамыз", - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

 

Оқыту мүлдем тегін. Осы бағдарламалардың түлектері бизнес-идеяларды табысты қорғағаннан кейін бизнесті дамытуға арналған грант түрінде өтеусіз қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, 2020 жылы "Бастау" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 58 адам оқудан өтті, оның ішінде 49 адам жалпы сомасы 39 604 200 теңге көлемінде қаржыландыру алды.

Мүгедектік бизнесті құруға кедергі емес. Мемлекет ерекше адамдарға өз бизнесін ашуға мүмкіндік беретін бірқатар бағдарламалар әзірледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмысқа орналасу мәселесі өте өткір. Жеке бизнес-бұл өзін-өзі іске асырудың жақсы мүмкіндігі. Біздің оқыту курстарымызда бизнес-тренерлер өз ісін ең аз салымдармен қалай ашу керектігін, бизнестің қандай түрлері неғұрлым сұранысқа ие екендігін айтып береді. Кәсіпкерлікті оқыту курстарына қатысуға өтінімдер Ақтөбе облысының "Атамекен" палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданатыны туралы семинар қатысушыларына хабарланды.

Сондай-ақ, семинар аясында "Атамекен" палатасының бизнес-тренері Айгүл Сексенова және Ақтоты Тасымбетова қатысушылармен кәсіпкерлік психологиясы, өз ісін қалай ашу және тіркеу қажет, бизнес-жоспардың  жасалуы, кәсіпкерлік қызметті қандай заңдар регламенттейді және нарықтық мүмкіндіктерді талдаудың не екендігі жайлы тақырыптарында әңгімелеседі. Семинар соңында қатысушылар жеке кеңес ала алады.

«Мұндай семинарлар біз үшін өте маңызды, өйткені біз бизнесті жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламалары туралы тікелей мамандардан біле аламыз. Мұндай курстарға қатысқаннан кейін мүгедектер мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы болып, өз ісін ашқан мысалдар бар екені белгілі болды. Өз мақсаттарымызға жету және бизнес жобаларымызды жүзеге асыру біздің де қолымыздан келеді деп үміттенеміз», - деді семинар тыңдаушылары.

 

Семинар барысында кәсіпкерлік бастамасы бар мүгедектерде туындайтын проблемалық мәселелер тыңдалатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер