astana-view

Кедендік орган жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздікті күшейту туралы Кедендік бақылау комитетінің бұйрығы жөнінде

2014 жылғы 22 Сәуір
8581 просмотров

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің 2013 жылдың 18 қарашасындағы №654 «Кедендік органдар жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік тәртібін күшейту туралы» бұйрығы күшін жояды.

Бұрынырақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына «Кедендік органдар жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік тәртібін күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2013 жылдың 18 қарашасындағы №654 бұйрығының легитимділігіне құқықтық баға беру туралы өтініш түскен болатын.

Бұл бұйрықтың баптары сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарын қозғайтынын ескере отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне аталған бұйрықтың толық нұсқасы мен әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді беру туралы өтініш жіберді.

Қазіргі кезде ҚР ҚМ КБК Ұлттық палатаға Комитеттің осы Бұйрықтың күшін жою, оның соңын ала ҚР Қаржы министрлігінің нормативтік-құқықтық акті жобасын жасау және оны ҚР Әділет министрлігінде тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатқандығы туралы хабарлады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер