astana-view

Өңірде ірі сауда үйлерінің жұмысы мереке күндері қайта басталуы мүмкін

2020 жылғы 02 Желтоқсан
- Ақмола облысы
48884 просмотров

Ақмола облысында ірі сауда үйлерінің жұмысына мереке күндері рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айнагүл Мусина кәсіпкерлермен өткен кезекті онлайн кездесуде айтты

Осыған дейін  сауда үйлердің өкілдері Ақмола облысының әкіміне және бас санитарлық дәрігерге демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бейне хабарлама жасауы осы кездесуге түрткі болды.

 «Айнагүл Советқызы, алдымызда төрт күндік демалыс келе жатыр. Осы күндері сауда үйлеріне жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Өйтпеген жағдайда шығынға батып, банкротқа ұшырайды», – деп мәлімдеді Zооm-конференциясы барысында ӨКП директоры Ақылбек Смағұлов.

 Тұшымды дәйектерді келтіре отырып, ӨКП директоры көп жағдайда санитарлық талаптарды қатаң орындайтын, кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлер зардап шегетінін атап өтті.

 Ақылбек Смағұлов бұзушылықтың ауырлық дәрежесі бойынша жауапкершілікті жіктеу қажеттігін айтты. Мәселен, бір кәсіпкерде санитарық кілемшені болмауы және келесі кәсіпкердің қызметіне тыйым салынуына бірдей айыппұл тағайындалады.

 «Қазіргі таңда ағымдағы ситуацияға мониторинг жүргізудеміз. Қазіргі қаулы келесі аптаның соңына дейін жарамды, оның аяқталуынан кейін мереке күндері ірі сауда нысандарының жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырамыз», – деді Айнагүл Мұсина.

 Кездесу барысында кәсіпкерлер түрлі сұрақтар қойды, негізінен олар санитарлық дәрігердің соңғы қаулысына байланысты болды, қаулы «қызыл аумақтағы» Ақмола облысындағы карантиндік шараларды күшейтті.

 Авто тасымалдаушылардың бірі санитарлық бекеттердің сапасыз жұмысына шағымданды. Бекеттегілер кәсіпкерден ПТР-тестіні талап еткен. Осы ретте қаулыға сәйкес ПТР-тестілерді тамақ өнімдерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ғана тапсыруға міндетті.

 Айгүл Мұсинаның айтуынша, кезекті қаулыда осы ескертпелер назарға алынады.

 Кездесуді қорытындылай келе Ақылбек Смағұлов санитарық дәрігерден өзгерістер жайында алдын ала хабарлауды сұрады, осы шарттар ынтымақтастық туралы меморандумда белгіленген.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер