astana-view

Еңбек нарығы сұранысына қарай оқыту қолдан келе ме?

2020 жылғы 11 Желтоқсан
5450 просмотров

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде дуальді оқытуды дамыту мәселелері «Атамекен» ҚР ҰКП базасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында қаралды

Жоғары білім беру саласының 300-ден астам өкілі, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері студенттерге дуальді оқыту шеңберінде білім беру мен бизнестің өзара әрекеттесу механизмдерін талқылауға қатысты.

 Әлемде дуальді оқыту жүйесі кәсіптік және техникалық мамандарды дайындауда тиімділігі жоғары оқыту формасы ретінде танылған. Оқытудың осы формасының маңызы және оны жүйеге енгізу қажеттілігі мемлекеттік деңгейде мақұлданған.

 Жеті жыл бойы «Атамекен», жұмыс берушілердің өкілі ретінде оқу орны мен кәсіпорын арасындағы дәнекер болып, дуальді оқытуды енгізу мәселелерімен айналысып келеді.

Жүйе Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беру үлгісінде оң нәтижелер көрсетті. Дуальді жүйе бойынша студенттерді қамту деңгейі 2014 жылдан 2020 жылға дейін 10 мыңнан 35 мыңға дейін өсті, ал студенттерге жұмыс орындарында сабақ беретін кәсіпорындар саны 619-дан (2014) 3894 бірлікке (2020) дейін артты.  Дәстүрлі білім беру жүйесінде түлектердің жұмыспен қамтылуы 69,6%, дуальді оқытуда 85%-ды құрайды. Өндірістегі 1500-ден астам тәлімгер ҰКП тәлімгерлік мектептерінде өндірістік оқыту курстарынан өтті.

 «Дуальді білім беру дамуының негізгі факторы – әлеуеметтік серіктестік екені бармашымызға белгілі. Жоғары оқу орындары мамандарды еңбек нарығына дайындап жатқандарын түсінуі керек. Егер түлектері сұранысқа ие болсын десе оқу орны салалық бизнес серіктестерін іздеуі керек. Келіссөздер кезінде өндірістік процестерді түсіну қажет, барлық өндірістік міндеттердің механизміне қол қойылады, бұл өзара тиімді шарттық қатынастардың жасалуына әкеледі. Оқу үдерісіне әр тараптың қатысуын нақты бөлу, жауапкершілік мәселелері, бағдарламаны үйлестіру, студенттің оқу кестесі және басқа да мәселелер дуальді білім беру туралы шарт жасасудың шартына айналуы керек», – деді «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләзат Шонаева.

 Осы ретте нарық қолында дипломы бар жұмыссыздар ауқымымен толып келеді. Мамандарды дайындаудың төмен сапасы, студенттердің практикадан хабары болмауы – жұмыссыз әскердің жасаруының негізгі факторлары.

 Сәйкесінше, кәсіпкерлер біліксіз жас мамандарды алуға құлық танытпайды. Қазақстандағы бизнес өкілдерінің жалпы санына пайыздық қатынаста, дуальді оқытуға қатысатын 4 мыңға жуық кәсіпорын өте аз санды құрайды.

 Ләзат Шонаеваның айтуынша, кәсіпорындарға дуальді оқыту туралы ақпарат жете бермейді. Кең тараған «адами капитал» ұғымы қалыптасуы керек, бірінші кезекте оны түсіну мәдениеті қалыптасуы керек.

 Сондықтан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдындағы міндет – дуальді білім беру жүйесіне шағын және орта кәсіпкерліктің барынша көп кәсіпорындарын тарту, дуальді оқытуға қатысудың артықшылығын түсіндіру.

 Дуальді оқытудың маңызын бірқатар жоғары оқу орындары да растап отыр.

 «Біздің пікірімізше, бүкіл жүйе трасформацияланған, біз техникалық жоғары оқу орны ретінде бізде дуальді немесе тәжірибеге бағытталған оқытудың айырмашылығы болмауы керек, барлық оқыту дәл индустриямен диалог негізінде құрылуы керек», – деді Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы – ректоры Гүлзада Шакуликова.

 Ректор бірде бір бағдарлама индустрия серіктесінсіз, халықаралық серіктесінсіз құрыла алмайтынын айтты.

 Егер мұнай және газ ісі, геология немесе электр энергетикасы болса онда индустриялық полигон қажет болады. Дуальді білім берудің идеологиясы дұрыс, бірақ оның іс жүзіндегі іске асуы қиындау. Жоғары оқу орны кәсіпорынмен қаншалықты байланыс орната алды, студенттер теорияны дұрыс бекітпей өндіріске кеткен болса ше?.. бұл өте күрделі процесс, және мамандық бойынша 100 пайыз жұмыспен қамту, 80%-ға жуық мамандық бойынша жұмыс істеу керек деп айту үшін біз тек осыған ұмтыламыз және бұл ішкі саясат екенін түсінеміз.

 Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік беру – еңбек нарығына жақындау және тұтынушының нақты сұранысына сәйкес мамандар даярлау үшін университеттің мүмкіндіктерін кеңейтеді деген ортақ ұйғарым шығарылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер