astana-view

Алматы компаниялары ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атанды

2020 жылғы 11 Желтоқсан
- Алматы қаласы
8431 просмотров

 Алматылықтар 2018 жылдан бері алғаш рет «Алтын сапа» сылығының арнайы аталымын иеленді. Бұдан бөлек үш аталымда жеңіске жетіп, «Іскер» сыйлығын қанжығаға байлады

 Нұр-Сұлтанда байқау нәтижесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен қорытындыланды.

 Байқау нәтижесі бойынша «КЕЛЕТ» АҚ  – жылыту және желдету, өртті сөндіру және сумен жабдықтауға арналған жабдықтардың өндірушісі ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының арнайы аталымында жеңіске жетті.

 «КЕЛЕТ» АҚ 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді, онда 230 адам жұмыс істейді. 2020 жылдың өзінде 1,7 млрд теңгеге өнім шығарылды.

 «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымында көпір конструкцияларын өндіруші «АЗМК» ЖШС жеңіске жетті. Кәсіпорын сонау 1963 жылы құрылған, бүгінде кәсіпорында 560 адам жұмыспен қамтылған.

 «Тұран» университеті «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» болып танылды. Оқу орны 1992 жылы құрылған, бүгінде бакалавриат бойынша 24 мамандық, магистратура бойынша 15 мамандық, PhD докторантура бойынша 5 мамандыққа оқытады.

«Азық-түлік тауарлары және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын» болып «Ақсай» НТК» танылды. Кәсіпорын нан, нан-тоқаш өнімдері, ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді шығарады. Кәсіпорын 1988 жылдан бері жұмыс істейді, онда 1 300 адам жұмыспен қамтылған. 2020 жылдың 11 айы ішінде 9,1 млрд теңгеге өнім шығарылған.

 Сонымен қатар «Іскер» арнайы сыйлығының лауреаттары анықталды, олардың бірі – «Мимиорики» ЖШС – балалар және ересектерге арналған киім шығарушы компаниясы. 2010 жылы құрылған компанияда 150 адам жұмыс істейді. 2020 жылы компания 218 млн теңгеге 270 мың бірлік өнім шығарды.

 «Алматы кәсіпкерлерін марапаттармен шын жүректен құттықтаймын! Кәсіпкерлеріміз жоғары сапада өнім шығаратынын мақтан тұтамыз, олардың жетістіктері беделді байқауларда бағалануда», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер