astana-view

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы жаңа заң экономикалық инклюзияны дамытуға мүмкіндік береді

2020 жылғы 12 Желтоқсан
6558 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша соңғы 3 жыл ішінде мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктері 302,5 млрд теңге сомасында тауар, жұмыс, қызметтерді өндірген. Мүгедектігі бар бір адам орта есеппен айына 3 млн теңгеге қызмет пен жұмыс атқарады екен

Осы саладағы мемлекеттік сатып алулар мәселесі және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа алуға қызығушылықтың болмауы «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыруымен Мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының қызметі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында басты тақырыптар болды.

Іс-шараға мүдделі мемлекетттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, мүгедектер негізін қалаған қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардің өкілдері және әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуге қатысушылар өзекті мәселелердің қатарында жұмыспен қамтылған мүгедектердің ағынының төмендігін атады. Мысалы, тіркелген 463 ұйым еңбекке қабілетті мүгедектердің 1%-дан азын (яғни 3 мыңын ғана) жұмыспен қамтамасыз етеді, қазір мұндай жандардың саны Қазақстанда 424 мыңнан астам адамды құрайды. Әр оныншы осындай қоғамдық ұйымда  небәрі бір ғана мүгедек жұмыс істейді. Бұл заңға қайшы.

 Сатып алулардың негізгі үлесін 72 млрд теңге сомасына «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ көрсетеді, ұйымда 92 қызметкер жұмыс істейді. Нәтижесінде әр қызметкерге көрсетілген қызметтің айына 21,7 млн теңгесі келеді.

 Сатып алулар туралы қолданыстағы заң осындай ұйымдарға артықшылықтар береді. Атап айтқанда, тізім бойынша сатып алынатын тауар мен қызметтер бойынша, сондай-ақ келісімшартты тікелей жасау арқылы бір көзден сатып алуда жеңілдіктер бар. Осындай тауарлардың тізімінде төсек тысы, костюмдер, қаптар, құжаттарға арналған тез тігіндегіш, жиһаз, ағаш ұсталық бұйымдар және т.б. Қызметтер мен жұмыстар тізімінде – көгалдандыру, мүгедектерді қалпына келтіру жабдықтарын жеткізу, құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, мүгедектерге арналған көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, клининг, полиграфия, мүгедектердің демалысын және санаториялық-курорттық емделуін ұйымдастыру бар. Іс жүзінде МҚБ осы жұмыстар мен қызметтердің 5-10%-ын ғана орындайды, қалған көлем субмердігерлермен келісу бойынша іске асырылады. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар қоғамдық бірлестік нарықтағы басымдығын пайдаланып, басқа жеткізушілерді «қысып» жіберген жағдайлар болғанын айтты.

 Мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі жөннідегі жобалық кеңсенің жетекшісі Құралай Жарова: «Қарағандыда 2019 жылы мүгедектердің «SEZIM 2016» қоғамдық бірлестігі айтарлықтай басымдық алып, 53,5 млн теңгеге жол қозғалысы жас инспекторларының 19-шы республикалық слетін өткізуге тендер ұтып алды. Ал осыған дейін МҚБ іс жүзінде ешқайндай қызмет атқармады, ешқанадй мүлігі мен қызметкерлердің қажетті штатына ие болмады».

Сонымен қатар, бұл салада қызметін адал жүргізбейтін қызмет көрсетушілер саны да өсуде. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы мүгедектер ұйымдарының қызметі жөніндегі кеңестің төрағасы Алмаз Ержан ұйымға қатысты шағымдардың саны бір жыл ішінде 10-нан асқан кезде фактілерді келтірді:

«Мысалға, «Қазақ соқырлар қоғамы» МҚБ атына 2018 жылы сапасыз орындалған қызметтер бойынша 11 өтініш келіп түсті, нәтижесінде келесі жылы олардың айналымы күрт төмендеді. Ұйымдар өздеріне өздері кедергі жасайды. Бірақ тізімге алаяқ кәсіпорындарды бірнеше жыл бойын енгізіп отырған ұйымдар бар, бірақ олардың көлемі сақталып келеді. Яғни субъективті себептер болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осындай жағдайлармен күреседі деп сенемін. Сонымен қатар қызметті бір жыл ғана көрсетіп, кейін жұмыс істемейтін компаниялар баршылық. 2017 жылы «Қызылжар» қоры 15,2 млрд теңгеге қызмет көрсетіп, келер жылдары небәрі 88 мың теңгеге қызмет көрсеткен, яғни қызметі тұрақсыз болған. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін біз әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылатын тізімді қоспағанда, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынамыз».

 Кеңейтілген жиында талқыланған тағы бір мәселе әлеуметтік кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмауы. ЖШС және жеке кәсіпкерліктер еңбекке қамтылған мүгедектердің үлкен үлесіне қарамастан сатып алуларға қатыса алмайды.

 Әлеуметтік кәсіпкер, Green Tal әлеуметтік шеберхананың негізін қалаушы Эмин Аскеров мүгедектерді нақты жұмыспен қамту үшін МҚБ қызметін бақылау қажет, әйтпесе нарық жалған әлеуметтік кәсіпкерлермен толып кетуі мүмкін деген ойда:

«Келер жылы әлеуметтік кәсіпкерлерге жеңілдіктер туралы заң күшіне енбек. Бүгіннің өзінде маған мүмкіндігі шектеулі адамдар хабарласуда, оларға түрлі кәсіпкерлер тендерлерге қатысу үшін МҚБ құруды ұсынып жатыр. Менің ойымша, мүгедектерді әртүрлі ұйымдарда нақты жұмыспен қамтуға салыстырмалы талдау жүргізу керек, әйтпесе ертең жалған кәсіпкерлер мүгедектерді пайдалану арқылы өз қызметтерін ақшаға айналдыруы мүмкін.

Кездесуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң экономикалық инклюзияны дамытуға жол ашады деген ойда. Мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының қызметі жөніндегі кеңес заңнамаға келесі жаңашылдықтарды – жалпы негіздегі байқауларға қатысу, сондай-ақ жеткізушілерді әлеуметтік кәсіпкерлер ретінде міндетті аккредиттеуді енгізуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер