astana-view

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мәскеудегі ЕЭО Кеден кодексін талқылауға қатысады

2014 жылғы 23 Сәуір
9167 просмотров

Үстіміздегі жылдың 14 және 25 сәуір аралығында Мәскеуде Сараптау тобының Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін даярлау бойынша 5-отырысы өтеді. Отырыстың бірінші аптасында Одақтың Кеден кодексінің 6-8 тараулар, 2 бөлім, 217 және 2171 баптары қайтадан қарастырылды.

7 тарау «Тауарлардың шығарылған елін анықтау» талқылану нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған елін расталатын жағдайлар өзгертілді: ішкі нарықты кедендік-тарифтік реттеу және қорғау шараларын, тыйымдар мен шектеулерді қолдану тауардың шығарылған еліне тәуелді болады (59 б. 1 т.).

Ресейлік сарапшылардың ұсынысы бойынша тауарлардың шығарылған елін растау талап етілмесе де, тауарлар шығарылған ел расталуға тиіс жағдайлардың тізбесі кеңейтілді. Дайындалған нормаға сәйкес кеден органы тауардың елден (елдер тобынан, кеден одағы елдерінен, өңірінен немесе елдің бөлігінен) шыққанының белгілерін тапса, тауарлардың шығарылған елі расталады:

- Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа және (немесе) мүше-мемлекет заңнамасына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелінуге немесе оның аумағы арқылы тасмалдануға тыйым салынған елдерден шыққан тауарлар;

- арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарға қарағанда өзгеше түрдегі арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралар қолданылған елден шығарылған тауарларға қатысты (59 б. 5 т.).

Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастықтарының сарапшылары осы норма бойынша келіспеушіліктерді Жұмыс тобының отырысына шығарады.

Сонымен бірге қазақстандық бизнестен сарапшылар тауарлардың шығарылған елін астайтын құжаттарды тауарлардың шығарылған елі туралы алдын-ала шешіммен толықтыру ұсынылды (59 б. 2 т.). Бұл ұсынысты Тараптар сарапшылары қолдамады және Қазақстанда қосымша талқылану ұсынылады.

Сарапшылар кеден органына, халықаралық шарттарға сәйкес, Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің органдарымен (ұйымдарымен) ақпараттық өзара қатынас аясында осындай құжаттар туралы мәліметтер немесе олардан мәліметтер алынуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, тауарлар шығарылғанға дейін, егер оларды беру тарифтік преференциялар беру үшін міндетті болып табылса, шығарылған елін растайтын құжаттарды берудің міндеттілігін қарастыратын норма жасап шығарды (59 б. 6 т.). Үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін Тараптар көрсетілген норма бойынша ұстанымдарын ұсынуға тиіс.

Жұмыс тобының отырысына үстіміздегі жылдың мамырында тарифтік преференциялар беру тәртібін қолдану бойынша (қалпына келтіру) келіспеушіліктер шығарылады: ресейлік Тарап талаптарды күшейтуші нормаларды редакциялау ұсынды, оларды сақтағанда бұл тәртіп қайта қалпына келтірілуі мүмкін (59 б. 7 т.).

Сарапшылар Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған елі туралы алдын-ала шешім қабылдау тәртібін бір ізге салды (62-623 б.). Көрсетілген баптар бойынша Тараптар ұстанымдарын ұсыну қажеттігіне байланысты 25 маусымға дейін оларды талқылауға бизнес өкілдерін шақырамыз.

Қазақстандық бизнестен сарапшылар Жұмыс тобының кезекті отырысына жасалған сараптау нормасы бойынша келіспеушілікті шығару жоспарлануда, оған сәйкес кедендік орган егер кедендік бақылау жүргізу кезінде декларацияда мәлімденген тауар шығарылған ел туралы мәліметтер дәйексіз болып табылуының белгілері табылған жағдайда декларанттан тауардың шығарылған елі туралы сертификатты талап етуге құқылы («Тауарлардың шығарылған елін кедендік бақылау ерекшеліктері» 2 б.).

«Тауарлардың кедендік құны» 8 тарауын талқылау нәтижелері бойынша Жұмыс тобының отырысына үстіміздегі жылдың мамырында тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырылған анықтау тәртібін орнату туралы мәселе шығарылады: Қазақстан – ұлттық заңнама деңгейінде, Ресей – Комиссия және ұлттық заңнама деңгейінде, Беларусь – қосымша тексеріс аясында реттеу.

Сондай-ақ Жұмыс тобының кезекті отырысында Тараптар арасындағы Одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдануда 8 тарау ережелерін біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған актілерді қабылдауға Комиссияның құзыреті бойынша келіспеушілік қарастырылатын болады.

Тараптарға 15 маусымға дейін 1 тармақтың 4 және 5 тармақшалары, 643 баптың 6 тармағы бойынша ұстанымдарын беру ұсынылды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды жіктеу» 6 тарауын талқылау нәтижелері бойынша сарапшылар «Кеден органдары қабылдайтын тауарларды жіктеу туралы алдын-ала шешімдер, шешімдер және түсіндірулер» бабын жасап шығарды. Бұл бапта белгілі бір уақыт ішінде Одақтың кедендік  шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, сонымен қатар жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде алып өтілетін тауарларды жіктеу туралы Сыртқы экономикалық қызметтің және шешімнің тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу туралы алдын-ала шешімдер кеден органдарымен тауарларды кедендік декларациялағанға дейін  қабылданатыны нақтыланады.

Сарапшылар «Жекелеген тауар түрлерін жіктеу туралы Комиссия актісі» бабын даярлады, оған сәйкес Комиссия тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу туралы түсініктемелер береді және мүше мемлекеттер үшін міндетті сипат алатын актілер түріндегі жекелеген тауар түрлерін жіктеу туралы шешімдер қабылдайды. Сонымен бірге, тауарларды жіктеу туралы шешімдерді, егер мүше мемлекеттер заңнамасымен анықталған кеден органдары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу бойынша түрлі ойда (ұстанымда) болса, Комиссия қабылдайды. Ұсынылған редакция үстіміздегі жылдың мамырында Жұмыс тобының отырысында талқыға салынады.

ҚР бизнес-қоғамдастығының сарапшылары тауарларды жіктеу туралы алдын-ала шешімді өзгерту туралы кеден органының шешімі тауарларды жіктеу туралы алдын-ала шешімді өзгерту туралы кеден органының шешімі қабылданған күннен бастап күшіне енетіні туралы норманы бекітуді ұсынды (56-б. 3-т.). БР және РФ сарапшылары қолданыстағы редакцияны сақтауды ұсынды. Мәселе үстіміздегі жылдың мамырындағы отырысқа шығарылды.

Сондай-ақ үстіміздегі жылдың мамыр айындағы Жұмыс тобының отырысында қазақстандық бизнестен сарапшылардың Кеден одағының Кеден кодексінің 52 бабы 6 тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған тауарларды жіктеу туралы шешімдерінен (түсіндірулерінен) ақпаратты Комиссияның сайтында жариялау туралы норманы бекіту туралы ұсыныс қарастырылатын болады. Ұсынысты БР және РФ сарапшылары қолдамады.

«Кеден төлемдері, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар» 2 бөлімін талқылау нәтижесінде  сарапшылар прогрессивті норма жасап шығарды, ол егер тауарға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет бір тұлғада түрлі негіздемелер бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаса, мұндай міндет әрбір туындаған мән-жай бойынша Кодекстің 80 бабының 4 тармағының екінші абзацындағы ережені ескере отырып орындауға жататынын қарастырады.

Екінші және одан кейінгі мән-жайлар орын алған жағдайда баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме осы тауарларға қатысты бұрындары туындаған мән-жай бойынша есептелген және төленген кеден баждары, салықтары сомасынан екінші және одан кейінгі мән-жайлар бойынша есептелген кедендік баждар, салықтар сомасынан асып кетуі жағынан ғана орындауға жатады (80 б. 4 т.).

Одақтың Кеден кодексінің 81 бабын даярлау барысында ҚР бизнесінен сарапшылар «кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз алып өту» терминінен дәйексіз кедендік декларациялауды алып тастау ұсынылды (4 б. 1 т. 23 тш.). Бұл мәселе үстіміздегі жылдың мамырындағы отырысқа шығарылды.

Сондай-ақ Жұмыс тобының кезекті отырысында Одақтың Кеден кодексінде әкелінетін кеден баждарын төлеуді кейінге шегеру немесе мерзімін ұзартуды беру үшін барлық негіздерді анықтау бойынша немесе Комиссияға қосымша негіздемелер орнату бойынша өкілеттік беру мәселесі талқыланатын болады (831 б. 3 т.).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан сарапшылар төлеу мерзімі ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік процедурасына сәйкес тауарларды шығару күнінен кейінгі күннен бастап әкелінетін кедендік баждарды төлеу (төлету) күніне дейінгі кезеңде өзгертілген әкелінетін кедендік баж сомасына, мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес орнатылған қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне қарай есептелінетін әкелінетін кеден баждарын төлеуді кейінге шегеру немесе мерзімін созғаны үшін пайыздар өндіруді көздейтін редакцияны қолдады.

Қазақстандық Тараптың «пайыздар үшін» ұстанымын үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Мәскеуде өткен Жұмыс тобының 5-отырысында айтып кеткенін естеріңізге саламыз.

Жұмыс тобының отырысына әкелінетін кеден баждарын төлеуді кейінге шегеру немесе мерзімін ұзарту үшін пайыздарды есептеу тәртібінің қандай деңгейде анықталатыны жөніндегі мәселе шығарылады: Комиссия немесе мүше мемлекеттер заңнамасы.

Басқа мүше мемлекеттердің кеден органы тіркеген қамсыздандыру сетификаттарын бір мүше мемлекет кеден органының тануын, сонымен қатар осы мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері негізінде қарастыратын қазақстандық Тараптың ұсынысы қолдау таппады, себебі жөнелтудің кеден органы үшін кеден баждарын, салықтарын төлеуді қамтамасыз етуге растау болып кеден органымен тіркелген қамсыздандыру сертификаты туралы мәліметтер табылады (2171 б. 2 ,7 т.).

Жұмыс тобының үстіміздегі жылдың мамырындағы отырысында сонымен бірге Одақтың Кеден кодексінің 2171 бабының 7 тармағын редакциялау бойынша ұстанымдарды талқылау жоспарлануда, атап айтқанда, кеден баждарын, салықтарын төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуға растау болып келесілер табылады:

Кеден органы тіркеген қамсыздандыру сертификаты туралы мәліметтер (РФ және ҚР);

жазбаша формадағы қамсыздандыру сертификаты және осындай сертификат туралы ақпарат, не болмаса электронды құжат түрінде ресімделген қамсыздандыру сертификаты (БР).

Қосымша материалдарды сіз мына жерден көре аласыз.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер