astana-view

«Атамекен» бастамасымен бизнес жұмысына жеңілдіктер жасалды

2020 жылғы 27 Желтоқсан
5420 просмотров

25 желтоқсанда Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты, онда кәсіпкерлерге жаңа шектеулер мен жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа ережелер бизнестің кейбір түрлері үшін жұмыс уақытын жұмсартып, қолғап киюді ерікті етті.

 Қабылданған құжатқа «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ұсыныстары қабылданды: барлық санитарлық талаптарды сақтаумен фудкорттардың жеткізілімге тәулік бойы жұмысына, мейрамханалар, кафе, барлар және асханалардың жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін ұзартуға рұқсат берілді.

  Қазақстандықтар жаңажылдық мерекелерге дайындық жүргізе алуы үшін азық-түлік сататын гипер- және супермаркеттер тәулік бойығы режимге ауыса алады (дүкендер ауданы 2 мың ш.м жоғары). Жасыл аймақта жабық нысандағы базарлар уақыт шектеуінсіз жұмыс істей алады.  

 Жасыл және сары аймақтағы халықаралық және облысаралық автобустар (соның ішінде туристік) қызметті жаңарта алады. Сонымен қатар қала маңындағы жолаушылар пойыздары мен электр пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрларға сағат 24:00-ге дейін жұмсы істеуге рұқсат етілді.

 Сонымен қатар Ұлттық палатаның бастамасымен «сары» және «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде халықаралық және облысаралық, соның ішінде туристік автобус тасымалдары іске қосылады. Сонымен қатар қала маңындағы жолаушылар пойыздары мен электр пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерге әлі де тыйым сақталады.

Өңірлерде Қазақстанның бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізге алынады, алайда жұмысты шектеу немесе жеңілдетуді жергілікті билік эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзі шешеді. Өңірлік қаулылар 28 желтоқсаннан кейін қабылданады деп күтілуде.

 «Алдағы уақытта тыйым салынған қызметтерге қызметін жаңарту бойынша жұмыс тұр. Жұмыс істемей жатқан бизнес түрлері (караоке, ойын-сауық орталықтары, боулинг, бильярд) қатаң санитарлық гнормаларды да орындауға дайын. Егер санитарлық нормалар бұлжытпай орындалатын болса, жұмысты бастауға әлеует бар», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары  Юлия Якупбаева.

Ұлттық палата бизнесті қолдау бойынша жұмысын жалғастырады, сонымен қатар 5 қаңтарда Алматыда санитарлық талапатарды орындауды бақылау үшін бейнекамераларды орнату және мүмкін болатын өзін-өзі реттеуге көшу және цифрлық мониторингті қолданумен тыйым салынған жұмыстардың (балалар ойын-сауық орталықтары, боулинг, бильярд бөлмелері, караоке және т.б.) жұмысын қалпына келтіру үшін мемлекеттік органдармен бірге пилоттық жобаны бастауды жоспарлауда.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер