astana-view

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылай сауықтыру ережелері қабылданды

2014 жылғы 25 Сәуір
6995 просмотров

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 сәуірде өткен отырысында қаржылай сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингілік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау ережелері қабылданды.

АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру ережелері «Агробизнес-2020» бағдарламасының негізінде дайындалған. Олар АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингілік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын анықтайды. Ендігі жерде кредиттік берешектері жинақталып қалған аграршылар кредиттерінің құрылымын қайта қарауға кірісе алады.

Қаржылай сауықтыру міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін олардың барлық әрекет ететін мерзіміне, бірақ тоғыз жылдан асырмай субсидиялауды шамалайды. Оның үстіне, Ережелер әрекетін шарттар бойынша басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп жатқан қарызгерлер қолдана алмайды. Сонымен қатар сауықтыру қаржы институттары айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарған кезде ғана жүзеге асырылады, ал мерзімі өтіп кеткен пайыздарды өтеу үшін жылдық 0,1%-бен жеке кесте бойынша бөліп төлеу қарастырылған.

Қаржылай сауықтыруға жататын қарызгердің кредиттік/кредиторлық/лизингілік сомаларын асырып жіберген жағдайда, 4,5 млрд теңге және бірден көп кредитор (қаржы институты) болғанда, екінші деңгейлі банктер АӨК субъектілерін кешенді сауықтыру жөніндегі кредиторлар комитетін құрады және қаржылай сауықтырудың кешенді жоспары ұсынылады.

Ұсыныстарды шоғырландыру және қаржылай сауықтырудың қосымша шараларын жасап шығу үшін, ҰКП алаңында Кредиторлар кеңесі құрылды, Кредиторлар комитеті де әрекет етуде, олар әрбір ірі қарызгер үшін жеке-жеке сауықтырудың ықтимал шаралары және оның мақсатқа сәйкестігі туарлы бірлескен шешімдер қабылдайды.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша 8  қаржы институтынан 48 АӨК субъектісін қаржылай сауықтыруға өтінімдер ұсынылып та үлгерген, олар бойынша жалпы қарыз сомасы 97,9 млрд теңгені құрайды. Болжамдарға сүйенсек, АӨК субъектілерінің сауықтырылған берешегінің көлемі 2014 жылы шамамен 150 млрд теңгені құрамақшы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер