astana-view

 «Атамекен» және Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік құнды бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмыстың қорытындысын шығарды

2020 жылғы 29 Желтоқсан
6223 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдағы соңғы жиынды өткізіп, кедендік құн, бағалық ақпарат қалыптастыру механизмі мен шығындар тәуекелінің индикаторларын жетілдіру бойынша жүргізілген жұмысты қорытындыланды.

 «Бүгін біз кедендік құн және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша қысқаша қорытынды жасамақпыз. Мәселе ауқымды әрі өзекті, статистика келтіре кетуге рұқсат етіңіздер. Осы уақыт ішінде біз 5 үлкен жиын өткіздік, нәтижесінде өзіміз 27 тапсырма бердік, шамамен 40%-ы орындалды. Біз неге жұмыс сәтсіз болды, осы бағытта одан әрі жұмыс істеуге дайынбыз ба, түсінгіміз келеді. Біз қай деңгейдеміз, күн тәртібімізде қай кезеңде екенімізді түсінуге тырысайық», – деді ҰКП Кеден әкімшілігі департаментінің директоры Дина Мамашева.

Кездесудің күн тәртібінде бағалар туралы ақпаратты қалыптастыру әдістерінің қазіргі жағдайы, тәуекел индикаторларының құны, сондай-ақ кеден органдары қызметкерлері үшін импортталатын тауарлардың кедендік құнын декларациялаудың дұрыстығын тексеру туралы мәселелер талқыланды.

 Сондай-ақ кездесу барысында «Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Алқасының шешімі және 33 ДТ бағанының үшінші қосымша бөлімін толтырған кезде қолданылатын қосымша кедендік ақпараттың жіктеуіші бойынша   шығындар тәуекелі көрсеткіштері қолданылмайтын тауарлар тізбесі туралы жобалар көтерілді.

 Кездесу барысында кеден органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесінің мәселелері, сондай-ақ баға туралы ақпаратты цифрландыру мәселесі жекелей қарастырылды.

«Бүгін қолымызда не бар? Нормативтік құқықтық актілердің қазіргі жағдайы туралы айтар болсақ, мұнда біз өзімізді аздап мақтай аламыз, біздің заң жобамызға Сенатта қол қойылды және біз Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобаның шығуын күтеміз», – деді Дина Мамашева.

 «Атамекен» және Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың алғашқы екі айында жиында айтылған барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Кездесуге қатысушылар алдағы 12 айға жоспар бекітті. Оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қарау және шешім қабылдау нәтижелері бойынша жауаптар бере отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін ресми қарау практикасын тоқтату, сондай-ақ  2021 жылдың 1 ақпанына дейін 2021 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу бар.

 «Келер жылы осындай ынтымақтастықты жалғастырып, орын алған қателіктер есепке алынып, түзетіледі деген ойдамыз», – деді ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер